{metadescription}
0:000:00
Пойыз жолаушылары төсек жаймасыз қалуы мүмкін

Пойыз жолаушылары төсек жаймасыз қалуы мүмкін

Жолаушылардың төсек жаймасы үшін күрес жанжалға ұласты. «Қазақстан темір жолы» компаниясы келер жылға жолаушыларының төсек-орын тысы мен орамалдарды жуумен айналысатын оннан астам комбинатпен әлі күнге дейін келісім-шарт жасамапты. Керісінше елімізде бірде-бір техникасы жоқ сингапурлық компаниямен жұмыс істеуге бел буған. Тіпті қомақты қаржыны төлем ретінде аударып та үлгерген.

Төсек тысы мен орамалдан көз ашпай, күндіз-түні өндірісті тоқтатпаған кір жуу комбинаты жаңа жылдан бастап жұмыссыз қалғалы отыр. «Жолаушылар тасымалы» компаниясы пойыздарының кір-қоңын бұған дейін жуып келген мекемемен әлі келісім-шарт жасамаған. Республика аумағында тура сондай міндетті арқалаған тағы 10 кешеннің де жағдайы осындай.

Бұл Қазақстандағы ең ірі кір жуу комбинаты. Жүзден астам адам жұмыс істейтін өндіріс теміржол жолаушыларының төсек-орын тысын жуып-тазалаумен ғана емес, оны үтіктеп қаптаумен де айналысады. Күнделікті атқарылатын жұмыс көлемі 15 тоннаға жуықтайды. Ал жуылған әрбір төсек жаймасы мен орамалдың құны 138 теңге.

Бюджетін қайта есептеген «Қазақстан Теміржолы» акционерлік қоғамы билет құнына кіретін таза жаймалар үшін енді 250 теңгеден төлеуге дайын екен. Бірақ бүйрегі сингапурлық компанияға бұрған көрінеді. Олармен бірден келісім-шарт жасап, 1 млрд 600 млн теңгені алдын-ала төлем ретінде аударыпты.

Айгүл Смағұлова, Кір жуу комбинатының коммерциялық директоры:

– «Платинум Трейн Сервисез» компаниясының Қазақстан аумағында бірде-бір мүлкі тіркелмеген. Яғни кір жуатын техникасы жоқ. Соған болғанына қарамастан оларға қомақты қаржы берілді. Бізбен осындай шарттар көп дегенде бір жылға жасалады. Ал олар 10 жыл бойы қызмет етуге қол жеткізген.

Бұл іске монополияға қарсы агенттік араласқан соң шарттың күші жойылып, 23-ші желтоқсанда ашық тендер жарияланған. Сингапурлық компания енді заңды бәйгеге түсу үшін қызмет атқарып жүрген комбинаттарды жалға алу жайлы ұсыныс жасаған екен. Ал тапсырыс беруші «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы болса барлығы заң аясынан шықпадық деп отыр.

Рашид Есқожин, «Жолаушылар тасымалы» АҚ сатып алу және жабдықтау бойынша атқарушы директоры:

-Бірін шеттетіп, екіншісінің сойылын соққан емеспіз. Тендерді жариялау үшін біз бюджетті қайта қарастыруымыз қажет. Бұл әрекет ұзаққа созылып кетті. Сондықтан апта басында ғана оның шарттары нақтыланды. Тендер нәтижесі қаңтардың 9-күні белгілі болады.

 Тендер қорытындысы белгілі болғанша қызмет көрсетіп жүрген комбинаттармен қосымша шарт жасалмаған екен. Сондықтан жаңа жылдың алғашқы тоғыз күнінде темір жол қатынастары санитарлық талаптардың сақталмағаны үшін уақытша тоқтатылуы мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.