Жантүршігерлік ұшақ апатының ресми қортындысын жариялау тағы кейінге шегерілді
Автор: Жәудір Оразхан
26.12.2013
Алматы маңында құлаған «Challenger-200»ұшағының нақты неден апатқа ұшырағаны әлі жұмбақ күйінде қалып отыр. Енді ресми қортынды келер жылдың басында жарияланбақ.
Әуе апатының себеп-салдарын анықтау үшін Қазақстан Халықаралық авиация комитетіне жүгінген еді. Бірақ арада жыл өтсе де, Канада мен АҚШ мамандары зерттеуді әлі жалғастырып жатыр. Оның үстіне сот-медициналық сараптаманың алғашқы қорытындысы да енді шыға бастаған. Айта кетсек, биыл қаңтар айында «Скат» әуе компаниясына тиесілі «Challenger-200» ұшағы Көкшетаудан ұшып шығып, Алматы маңында құлаған-ды. Борттағы 5 экипаж бен 16 жолаушы опат болды. Бастапқыда көкте екі рет айналып, жерге қона алмаған лайнер қою тұманнан адасып апатқа ұшырады делінген. Кейін жанарамайы таусылған немесе ұшақтың қанатына қатқан мұзды ерітетін құрылғы істен шыққан деген түрлі болжамдар айтылған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!