{metadescription}
0:000:00
Ираннан көшіп келген көпбалалы отбасы көмекке мұқтаж

Ираннан көшіп келген көпбалалы отбасы көмекке мұқтаж

Шымкентте 9 балалы оралман отбасы көмекке мұқтаж! Ираннан келген қандастар қазір қорадан бетер құлағалы тұрған үйді паналауда. Отағасының көшеде етік тігіп, тапқан тиыны наннан ауыспайды.Шенеуніктерден  көмек таппаған отбасы көрші-қолаңнан ғана қайыр көріп жүр.

Кубра Жәлелханқызының 9 баласы бар. Барлығына қарап күндіз-түні үйде отырады. Отағасы Ахат болса таңнан қара кешке дейін далада аяқ киім  жөндеп, тамағын айырып қайтады. Сондағы табатыны 500 теңге. Күнделікті астары картоп пен пияз ғана қуырып жейтін олар, кедейліктен әбден қажыған. 

Кубра Жәлелханқызы, көпбалалы ана:

-Ет деген нәрсе өмірімде алып көрмегенбіз. Қойдың етін деген нәрсені. Бір айда бір окорачканың аяғын аламын. Соны кішкентай қайнатып, қолдан кішкентай қамыр салып беремін. Соны жейміз бір айда бір рет.

Қандастарымыз 93-ші жылы Ираннан көшіп келген. Содан бері Шымкентте пәтер жағалап жүр. Тұрып жатқан ескі үйі 85 жыл бұрын салыныпты. Қазір ол құлаудың аз-ақ алдында.

-9 балалы отбасы аядай ғана мына 2 бөлмелі пәтерде өмір сүріп жатыр. Осының өзін айына 10 мың теңгеге жалдауға мәжбүр. Ал, әбден тозығы жеткен үйдің қабырғасы қақырап, құлаудың аз-ақ алдында тұр.

Ескі үйді мекендеген көпбалалы отбасының жағдайын айтып, қақпаған есігі де қалмаған.

Кубра Жәлелханқызы, көпбалалы ана:

-Бардым айттым, үй керек деген кезімде жоқ қарындас деді. Президент «көпбалалыларға үй берілсін, әрқайсысы келіп өйтіп сұрай беретін болса оның бәріне беретін үйіміз жоқ» деді.

Жұмыспен қамту орталығының мамандары тіпті бұл үйге арнайы келіп те кеткен көрінеді. Бірақ, бізде мұндай отбасыларға арналған пәтер жоқ деп қысқа қайырған. Кезекке тұрғызуға көмек сұраған көпбалалы Кубра Жәлелханқызын кейін кел деп қайтарып жібереді екен. Шенділерден көмек таппаған отбасы қарапайым шымкенттіктерден ғана қайыр көріп жүр.

Светлана Кочерова,  көрші:

-Балаларын күніге көреміз, жартылай жалаңаш. Не ішетін астары не киімдері жоқ. Сондықтан, кейде өзімізден жырып болсын ас, ойыншық алып келуге тырысамыз. Бірақ, бұл аздық етеді әрине. Мемлекет көмек бермесе.

Бүгін 11 жаннан тұратын шаңырақта кішігірім той. Себебі, жанашыр азаматтар азын-аулақ қаржы мен киім-кешек әкелді. «Кедейдің бір тойғаны шала байығаны» демекші, көпбалалы отбасы жаңа жыл алдында осылай бір жырғап қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде