Италияға кеткен Әблязовтың әйелін Қазақстан шақырса, оралуға міндетті
Автор: Құралай Пионер
26.12.2013
Әблязовтың әйелі - Алма Шалабаева ақыры Италияға кетті. Қашқын банкирдің жұбайы 6 айдан бері «ешқайда кетпеу» туралы қолхатпен Алматыдағы туыстарының үйінде жатқан болатын. Тек апта басында ғана қолхаты кепілақшамен ауыстырылған. Кепілге Шалабаева аумағы 300 шаршы метрлік хан сарайындай үй қойыпты.
Николай Долматов, А. Шалабаеваның адвокаты:
-Кепілге қойылған үй Алманың анасына тиесілі. Оның үстіне Италияда қараусыз балаларының қалуы да оны алаңдатты. Кейін, қажеті туғанда, тергеу ісіне байланысты Шалабаева елге оралатын болады.
Шалабаеваның өзі жаңа төлқұжат жасатып виза да алған екен. Адвокатының айтуынша, Римде оны үлкен балалары қарсы алмақ. Айта кетсек, қашқын банкирдің жұбайы маусым айында кіші қызымен сол Италия астанасында ұсталып, елге депортацияланған болатын. Апенин түбегіне ол Алма Аян есімді Орталық Африка Республикасының азаматшасы ретінде келіпті. Бастапқыда келісім бергенімен, кейін Италия үкіметінде бұл үлкен шуға ұласты. Сөйтіп, Әблязовтар отбасын кері қайтаруды талап етіп келген-ді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары