Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВРєРСвЂВВВВВВ
- Telegram
Қаржы полицейін атып кеткен киллердің фотороботы жасалды
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
26.12.2013
Солтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясы бастығының бірінші орынбасарын атып кеткен жендеттің бет-әлпеті белгілі болды. Қазір қылмыскердің фотороботы қаладағы жұрт көп жиналатын жердің барлығына жапсырылған. Оның түрін сипаттауға марқұмның көршілері мен қылмысқа куә болған ұлы көмектесіпті.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті еуропа нәсілді 25-30 жастағы ер адам. Бойы ұзын. Қылмыс жасаған күні ол басына көк түсті тоқыма телпек, үстіне қара күрте киген. Сақалын да бірнеше күн алмағанға ұқсайды. Қылмыскерді сипаттауға көрші-қолаң ғана емес, әкесімен сол күні үйіне бірге оралған 12 жасар ұлы да көмектескен. Естеріңізге салсақ, Жандос Ахметовты сейсенбі күні кешкісін, үйіне кіреберісте оқушы ұлының көзінше атып кеткен болатын. Қаскөй қайта 12 жасар жеткіншекке тиіспеген. Марқұм соңғы кезде бастығының міндетін атқарып жүрген екен. Тәртіп сақшылары сондықтан қылмыстың қызметпен тікелей байланысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Тергеу ісіне Ішкі істер вице-министрі Марат Демеуовтың өзі жетекшілік етуде. Ал шенді полицейдің артында екі ұлы мен жұбайы қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВРєРСвЂВВВВВВ
- Telegram