{metadescription}
0:000:00
Баспанасыз жүргендер үшін пәтер алу жеңілдеді

Баспанасыз жүргендер үшін пәтер алу жеңілдеді

 «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» өз салымшыларына жаңа жеңілдетілген талаптар ұсынып отыр. Бұдан былай банк салымшысы ретінде тіркелу үшін қаптаған комиссия төлеудің қажеті жоқ. Және кезекке тіркелу үшін банкке сабылып керек емес. Агенттер қалаған жеріңізге кеп тегін қызмет көрсетеді.

Баспана бұйырмай пұшайман хәлге түскен қарашаға «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» қол ұшын созып қолтығынан демемек енді. Енді оларға банк салымшысы ретінде тіркелуіне титімдей де бөгет болмақ емес. Жаңа жылдан бастап жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған комиссияларды төлеп қажеті жоқ. Үйге мұқтажбын деп өтініш қалдырып, салымшы ретінде тіркелу үшін де банкке сабылудың қажеті қалмады.

Әсем Мұстапаева, “Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі” АҚ басқарма бастығы:

-Банк агенттері өз клиенттерінің ыңғайлы деген жеріне ноутбугімен барып интернет арқылы электрондық өтініш қабылдап алады. Содан кейін клиент өзіне ыңғайлы кезінде банктің бөлімшелеріне барып кезектен тыс менеджерге барып қол қойып өзінің тұрғын үй құрылыс жинақ шартын алып кетеді.

Банк “Қолжетімді баспана”, ипотекалық несие сынды бірнеше бағытта қызмет қыла бермек. Алайда тыңнан түрен салған тұсы бар, енді тек пәтер үшін емес жер телімін сатып аларда да, үйдің жөндеу жұмыстарын жасар да банкке бас сұқсаңыз барынша көмек қылады.

Александр Сизов, “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ төрағасының кеңесшісі:

-Біздің салымшыларымыз үлескерлер секілді екі ұдай жағдайға түспейді. Құрылыс компаниялары үйлерді толық тапсырмайынша елдің депозитінен бір тиында аударылмайды. Және пәтерлерді қабылдап алатын комиссия құрамына да біз өз қызметкерлерімізді кіргіздік. Сапасын толық бақылаймыз.

-Жылына жүздеген үй салып, қолданысқа беретін «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкінің» шапағатын бүгінге дейін 60 мыңнан астам адам көрген. Жалпы 350 мыңнан астам салымшысы бар екен. Еліміздегі екінші деңгейлі банктер ипотека беруден бастарын ала қашып жатқан «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкінің» жаңа басшылығы елге үй үлестіруді жаңа қарқынмен жалғастырмақ жаңа жылдан соң.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде