{metadescription}
0:000:00
Ерекше көлік тұрғындарды таңғалдырды

Ерекше көлік тұрғындарды таңғалдырды

Қарағандыда аяз ата мен ақшақардың ерекше көлігі пайда болды. Қаланың тапқыр тұрғындары жеңіл машинаны баяғының пәуескесіне ұқсатып жасапты. Қазір оған көзі түсіп жатқандар көп екен.

 

Мына ақшақардай ақ көлік қала көшелеріне шыққанда бірден көпшіліктің көңілін аударады. Суретке түсіп, ұстап көргісі келгендер былай тұрсын, жолды кес-кестеп тоқтататын кейбірі тіпті «сат» деп те қолқа салатын көрінеді. Бірақ ерекше көлікті тапсырыспен 6 ай бойы жасатқан қожайындары, оны әзірге өздері ғана пайдаланбақ ойда. Кәдімгі лимузіндегі қолайлы жағдайдың барлығы жасалған көліктің ерекшелігі пәуескеге ұқсайтын келбетінде ғана. Бұл жаңа жылдық салтанатта аяз атаға ерекше сән береді екен.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде