{metadescription}
0:000:00
 Аяз ата мен ақшақар  сатылады

Аяз ата мен ақшақар сатылады

Жаңа жыл жақындаған сайын Аяз ата мен Ақшақардың да саудасы қыза түскен. Мереке кейіпкерлері қомақты ақыға тіпті, үйіңізге келіп асыр салуға даяр. Ал егер қалтаңыз көтермесе, онда 200 теңгенің Аяз Атасын жалдасаңыз болады.

Қара суықта көшеге шығып, аз да болса ақша тапқысы келген бұл екеу - Жанболат пен Гүлнар. Бірі бұйра сақалды бетіне қойып, Аяз Ата болса, енді бірі қар ханшайымына ұқсаған. Қос студент күнде кешкісін осы араға келіп киінеді. Бүлдіршіндердің көңілін аулап, ақылы суретке түседі.              

Жанболат, студент:

-200 - 300 теңге.  Қымбат емес. Тегін десе де болады.

Ахмет те Аяз Ата. Шырша болатын жерлерге ол таңмен жетеді. Өзі боянып, өзі әзірленеді. 

-Қасымды ақ қылам, өйткені сақалым бәрі ақ қой...

Театр және кино әртісі 4 жыл бойы Аяз Ата рөлін ойнап келеді. Әбден шеберлігін шыңдап алған ол жеке шақыртуларға да барады. Нағыз табыс көзі сонда дейді актер. 15 минуты - 15 мың теңге.  

Ахмет Омаров, театр және кино актері:

-Бір күнде, қалай айтсам, 10 мен 15-тің ортасы. 10 мың, кейде 9 мың дегендей, айтып отырмын ғой оның нақты бағасы  жоқ.

Тимур да өзінше бір Аяз ата. Бірақ ол шапан киіп, сақал жапсырып әуреленіп жатпайды. Компьютерде отырып-ақ, бүлдіршіндерге хат жолдап ақша табады.

Тимур Аслаханов, жеке кәсіпкер:

-Бүгін 100 балаға хат жібердім. Бір хаттың бағасы 1000 теңге. Мынадай конверттерге орап, паштаға салып жібереміз. Кейде ата-аналардың өздері келіп алып кетіп жатады.

-Сонымен, бауыр еті балаңыздың патша көңілін аулап, шаңырағыңызға Аяз атаны алдырамын десеңіз, бағасы 10 мен 15 мың арасы. Тіпті, Жаңа жыл түні сағат 12-ге шақыртамын десеңіз де құба құп. 50 мың теңге төлесеңіз болғаны, Аяз аталар өз отбасын тастап, жаңа жылды сізбен қарсы алуға даяр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.