{metadescription}
0:000:00
Елдің атын жаза алмай тағы масқара болды

Елдің атын жаза алмай тағы масқара болды

Елдің атын жаза алмай тағы масқара болды. Бүгін Алматыда Сочи олимпиадасына баратын спортшылардың киім үлгісі таныстырылған. Ұлттық ою-өрнекпен безендірілген, көк және сары түсті форманың сәні келісіп-ақ тұр. Тек отандық дизайнерлер бас киімдегі Қазақстан деген жазуда бір әрпін тағы ұмыт қалдырыпты.

Байқау жарияланған сәттен бері жеті ай өткенде дизайнерлер өздерінің туындыларын ел назарына шығарды. Сочиде бақ сынайтын Қазақстан құрамасының спорттық киімдерін көркемдеуге бұл жолы тарихшылар да ат салысыпты. Сондықтан еліміздің ұлттық рәміздерімен қатар, көне жазуларға да орын табылған. Көз тиюден тұмар сақтайды десе, шаңырақ – жеңісті жолымызды даңғыл етеді деген сенім бар.

Ажар Қаракеева, дизайнер:

–Осы коллекцияда Тамғалы тас петроглифтері пайдаланылды. Қазақтың қолөнеріндері оюлар, жүзіктер мен тұмарлардың белгілері. Әрқайсысы белгілі бір ой береді. Күш, жігер дегендей.

 

Лондонда ауыр аттеттермен болған келеңсіз жайтты қайталамау үшін әр киім бірнеше рет тексеруден өткен екен. Бірақ соған қарамастан тағы қате кетіпті. Бұл жолы бас киімдегі ағылшынша KAZAKHSTAN деген жазуда «H» әрпі түсіп қалған.

Қысқы олимпиадаға лицензия ұтып алған спортшыларымыз дайындалған киім үлгісімен танысып, оған жоғары баға беріпті. Сочидегі ауа-райы құбылмалы болғандықтан форманың жұқа да, қалың түрі де жасалған. Сонымен қатар оның негізгі үлгісі мақұлданғанымен, кішігірім элементтер әлі де өзгеріске ұшырауы мүмкін. Ал әрбір спортшыға шұлығынан бастап, бас киіміне дейін есептегенде 25 түрлі киім беріледі. Оның жалпы құны 350 мың теңге.

Ванкувер олимпиадасындағы формамен салыстырғанда арзанға тігілген киім үлгілерінің сапасына кепілдік берілуде. Бірақ төртжылдықтың басты спорттық додасы әдемілерді емес, мықтыларды марапаттайтындықтан спортшылар күшейтілген жаттығуларға көшіпті.

Елсияр Қанағатов, Спорт және дене шынықтыру агенттік төрағасының орынбасары:

– Спортшылардың көбісі Еуропада. Сол жақтағы оқу-жаттығу жарыстарына қатысып, жолдама алуға тырысып жатыр.

80-нен астам мемлекет қатысатын Сочидегі қысқы олимпиадада бағын сынайтын спортшылардың нақты тізімі 19-шы қаңтарда анықталады. Еліміздің спорт және дене шынықтыру агенттігі алтын жүлдеге қол жеткізіп, чемпион атанған спортшыға 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде