Қар құрсауында қалған тұрғындар шаңғымен қатынауға мәжбүр
Автор: Жаңалық Ахаш
27.12.2013
Ақтөбе облысындағы бірнеше ауыл қар құрсауында қалды. Әйтеке би ауданында күшті боран мен қалың қардың кесірінен үш аптадан бері жол аршылмай, арадағы қатынас үзіліп қалған.
Әсіресе Толыбай мен Ақтасты елді-мекендеріндегі жағдай қиын. Тұрғындар жолдың жоқтығынан азық-түліктен тарығып, емханадағы дәрі-дәрмекке дейін түгесіпті. Қазір енді интернатта жатып оқитын балаларының қысқы каникулда үйге жете алмағанына алаңдап отыр. Ал аудан басшылары құзырлы мекемелерге «жолды аршыдық» деп есеп берген екен. Бірақ ауыл тұрғындары ешкімнің қарасын көрмедік дейді. Бұл ауылмен қазір телефон арқылы ғана байланыс бар.
Жұлдыз Есенова, Толыбай ауылының тұрғыны:
-Шаңғымен қатынамаса басқа мүмкіндік жоқ. Білмеймін мен басшылардың не ойлап отырғанын. Мен таң қалам. Біздің ауданымыздың басшылары қайда?
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!