{metadescription}
0:000:00
Иманғали Тасмағамбетов: "Жұмыссыз қалсам да депутат болмаймын"

Иманғали Тасмағамбетов: "Жұмыссыз қалсам да депутат болмаймын"

Бас шаһарда тұру арманға айналуы мүмкін! Астана әкімі Елордаға қарай ағылған халыққа шектеу қоюды ұсынды. Өйткені, әкімдік жыл сайын қосылып жатқан жүздеген мың адамға жағдай жасаудың қиындап кеткенін айтады. Тілшілерге ағынан жарылған қала басшысы жеке жоспарларымен де бөлісті. Иманғали Тасмағамбетов кезінде жертөледе тұрғанын, қазіргі баспанасы мен табысын, меншігіндегі мүлкін, жаңа жылды қайда қарсы алатынын, тіпті не үшін депутат болғысы келмейтінін де түсіндіріп берді.

Иманғали Тасмағамбетов 2 қызметтік көлігінің біріқара түсті Аудиден түсіп келеді.  Мәртебелі мейманға назар ерекше. Тілшілердің де әдеттігіден қарасы қалың. Қала басшысына барлығы өз сауалын қоюға асық. Ал баяндамасын жетістіктерден бастаған әкім кейін өзекті мәселелерді өзі жіпке тізіп берді.

Иманғали Тасмағамбетов, Астана қаласының әкімі:

-Жылына 50 мың адам келіп қоныстанып жатыр. Сондықтан орта есеппен алса, Астанада баспанаға мұқтаж адамның саны 175 мың. Бұл өте қиын шаруа.

Сондықтан Иманғали Тасмағамбетов азаматтарға қоныс аудармас бұрын әбден ойлануға кеңес берді. Өйткені, әкімдік енді Елордаға көшіп келгеніне 5 жыл толмаған отбасыларға үй берілмейтінін мәлімдеді. Одан басқа, балаларына бақшалар мен мектептерден орын бұйырмайтындай етіп шектеу енгізбек. Ал, тепсе темір үзетін, алайда мемлекетке қол жайып жаман үйренген жастарға әкім өзінің жертөледе тұрып жетілгенін үлгі етті.

Иманғали Тасмағамбетов, Астана қаласының әкімі:

-Студент кезімізде оқығанда жатақхана тимейтін. Сол кезде біздер сол жатақхананың подвалында жататынбыз. Осыны қазір жастарға айтсаң күледі мырс етіп, аңыз санайды.

Қазір Иманғали Нұрғалиұлы жертөледе тұрмайды. Астанада жеке үйі бар, жалақысы да жаман емес. Ай сайын алатын 650 мың теңге ресми табысы бар.

Иманғали Тасмағамбетов, Астана қаласының әкімі:

-Қара Аудиім бар, сосын Лексус деген джипым бар. Менде Алматыда үйім болды. Астанаға көшіп келгеннен кейін үйімді саттым. Осында үш жыл басқа жер үйді жалдап тұрдым. Алматыдағы үй сатылғаннан кейін осы жерден үй салып алдым.

Күтпеген жерден ағынан жарылғанТасмағамбетов депутат болғыңыз келе ма, деген сауалға да тосылып қалмады.

Иманғали Тасмағамбетов, Астана қаласының әкімі: /ауд/

-Мен қарбаласты, үнемі белсенді жұмыс істегенді жақсы көремін. Сондықтан, Парламентте отырғанымды еш елестете алмаймын. Қызметсіз қалсам да депутат болмас едім.

Барлық саланы қамтып өткен әкім бас қаланың қарыштап дамып келе жатқанын айтты. Он екі ай бойы атқарған жұмыстың нәтижесін мына көрмеден де байқауға болады.

-Ал, Иманғали Тасмағамбетовтың азамат ретінде арманы – немерелерінің амандығы. «Балажан атамын» деген әкім жаңа жылды да отбасында, жақындарының жанында өткізбек. Тіршілігі бір сәтке де тыным таппаған бас қаланы тастап, мұхит асып демалысқа кетуді жоспарламапты. Сондай-ақ, Астанадағы барлық түйткілдердің біртіндеп шешіліп жатқанына да сендірді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде