{metadescription}
0:000:00
Ертегідегі достарымен өмірде қауышты

Ертегідегі достарымен өмірде қауышты

Павлодарлық бүлдіршін ертегідегі достарымен өмірде қауышты! Ес білгелі ойыншық пониларға қызығып өскен қыз бұл жануардың былайғы өмірде бар екенін мүлде білмеген екен. Ал, туған күніне осындай екі мәстек атты тарту еткенде шаттығында шек болмаған. Қазір понилардың қатары онға жетіп, қуанышы одан сайын еселеген. Ертегінің аяқталмайтынына сенетін оқушы енді бар ермегін достарымен бөлісуде.

Осыдан бес жыл бұрын әкесі сатып әперген қос понидың құлындары қазір бес есе көбейген. Калинаускайте әулеті бастапқыда сыйлық ретінде келген мәстек аттардың кейін кішігірім үйірге айналарын мүлде ойламаған екен. Ерке қыздарының ертегі әлемінен келген тұлпарлары енді өзінің ізін басқан бүлдіршіндерге де ермек болып жүр.

Пони маған өте ұнады. Сондай кішкентай, тартымды.

Әуелде жегін ат ретінде пайдаға жаратылған понилардың мұндағы бабы бөлек. Тек сәбилер ғана салт мініп, серуендеп қайтады. Өйткені қыздары өзі сияқты бүлдіршіндерден басқа адамдарды оларға аттап бастырмайды.

-Шотландтық мәстектердің Павлодарда барын жергілікті жұрт онша біле бермейді. Елімізде сирек кездесетін Қамбар атаның бұл төлі мультфильмдердегі ерекше рөлдерімен белгілі. Жаңа жылда олардың алдына төл мерекелеріне орай алма, сәбіз, шақпақ қант қойылады. Ас мәзірлері тіпті тортпен де толығуы мүмкін.

Ал, құлындар үшін той-думан басталып та кетті. Олар жылқышының алақанындағы алманы тарпа бас салып, асап жатыр. Достарын осылайша шаттыққа бөлеген Джесика алғашқы әсерін әлі ұмытпапты.

Джесика Калинаускайте, понилардың иесі:

-Мен бұрын ойыншық понилардың түр-түрін жинағанмын. Олардың өмірде бар екенін білмеппін. Ал, тосын сыйды көргенде қатты қуанғаным есімде.

Жал-құйрығы жалбыраған понилар суыққа едәуір төзімді. Былтыр ауа қысымы қырықтан төмендегенде де жамбастап жатпаған. Ал, төл мерекелерінде кішкентай қонақтарын қасқайып тұрып қарсы алуға дайын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде