Кімнің күймесі көрікті?
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
30.12.2013
Петропавлда жаңа жыл қарсаңында атқа жегілген пәуескелер өзара сайысқа түсті. Ұмытыла бастаған бұл дүние жылқы жылы қарсаңында айрықша құрметке ие болғандай. Жарыстан жеңіп шыққандар, жарты миллион теңгені олжалап қайтты.
Күймеге жегілген жылқыларды ұйымдастырушылар алдымен орталық алаңдағы шырша маңына жинаған. Пәуескеге мінгендер ән айтып, билеп, алаңдағы елдің көңілін көтерді. Алайда, көп адам мен шудан үріккен жылқылардың кейбірі иелеріне бас бермей, тулап жатты.
- Осындайы да болып тұрады. Кейін сабасына түседі ғой.
Негізгі шаралар қала сыртындағы жағажайға жоспарланыпты. Оған дейінгі бірнеше шақырымды жылқылар қала орталығымен жүріп өтіп, бәріне таңсық көзбен қарайтын тұрғындарды бір қуантып тастады.
- Мынау асылтұқымды байтал. Барлығы бірінен бірі өтеді.
Үштік жегілген күймені аттарымен 100 шақырымдай жердегі ауданнан түнделетіп көлікпен әкеліпті. Атбегілер алыс жолға шыдайтындарын ғана арнайы таңдап алдық дейді.
Жеңіс Сұрағанов, атбегі:
-Үш күн дайындалдық. Сайысқа дайынбыз. Кішкене аттар терлегені болмаса қаланы аралап келдік. Сайысқа дайынбыз көрсетеміз өнерімізді.
Жағажайға дейінгі 8 шақырымдай жолды жүріп өткен жылқылар арқаның аязында терлеп, естері шықты. Күн-райы күймеде отырғандарды да аямады.
Сайран Байдалина, күйме иесі:
-Жылқы жылы мол болады дейді. Жылқы күшті мал ғой сондай адамға жақын. Өзіміз жұртқа жақсы болса болды ғой. Бірдеңе сыйлағанда да ат береміз ат мінгіземіз, сол сиқты бәріміз осы жылы атқа мініп жүрейік.
Сайыс қортындысы бойынша Мағжан Жұмабаев ауданын әкелінген күйме ең сәнді деп танылды. Иелері осылайша жарты миллион теңгені олжалап қайтты. Екінші және үшінші орын алғандар да жүлдесіз қалған жоқ. Ал жаңа жылға лайықталған мереке от шашумен аяқталды
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!