Қазақ әдебиетінің қос қаламгеріне ескерткіш ашылды
Автор: Жаңалық Ахаш
30.12.2013
Ақтөбеде қазақ әдебиетінің классиктеріне жаңа ескерткіш ашылды.
Тахауи Ахтанов пен Қуандық Шаңғытбаевтың тастан қашалған мүсіндері қаланың қақ ортасына орнатылған. Драматург-жазушы мен азулы ақынның достығын көзін көргендер жыр қылып айтады. «Сондықтан екеуінің бейнесін бір жерге ұштастыруды ойладым» дейді мүсінші. Жерлестеріне арналған ескерткіштің ашылуына ақтөбеліктер көп жиналды. Жаңа жыл қарсаңындағы қаптаған кештерден гөрі, келер ұрпаққа рухани азық болар мәдени орындардың ашылғаны абзал болды деп тарқасты олар.
Дулат Ахтанов, Т.Ахтановтың ұлы:
-Ескерткіш жылдың аяғында ашылғанға бізге өте қуаныштымыз.Біздің отбасымызға, бәрімізге. Әкеміз жиырма жылдай бұл әлемде жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары