Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай - мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды
Автор: Альбина Асхатқызы
30.12.2013
Батыс Қазақстанда 30-ға жуық елді-мекен тура жаңа жыл мерекесін жарықсыз қарсы алды! 11 мыңнан аса тұрғын 3 күннен бері электр қуатынсыз отыр. Басты себеп ауа-райының күрт жылып қайта суытуынан тоқ желілерінде мұз қатқан.
Сымдардың мұздануы 28 желтоқсаннан басталған екен. Сондықтан өңірдегі 7 ауданда бірден төтенше жағдай деп тіркеліп, мамандардың бақылауына алынған. Мың километрдан аса сымдарды мұз басып, іске жарамсыз болып отыр. Салдарынан, жергілікті тұрғындар қатқан мұзды өз күштерімен тазалап әлек. Айта кету керек, табиғаттың тосын мінезінен аудандағы үш бірдей ірі аурухана мен әлеуметтік нысандар да электр қуатынсыз қалды. Қазір бұл олқылықтың орнын түзету үшін арнайы дизельді генеторлар жөнелтіліпті. Әзірге қалыпқа келтіру жұмыстары басталғанымен, жарықтың қашан қосылары белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!