Әзілқой жігіт құтқару қызметін әбігерге салды
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
30.12.2013
Көкшетауда тұрғын үйлердің біріне қойылған бомба туралы ақпар шұғыл қызметтің барлығын аяғынан тік тұрғызды. Оқиға орнына жеткен құтқарушыларға 200-дей тұрғынды қауіпсіз жаққа шығаруға тура келген.
Барлық құтқару қызметінің арнайы құрамы жарылғыш зат қойылған көпқабатты үйді 2 сағат бойы тінтіді. Алаңсыз отырған тұрғындар аяқ асты сыртқа шығарылды. Алайда, ақпарат жалған болып шықты. Көп кешікпей елді текке дүрліктірген 3 азамат ұсталған. Олардың біреуі ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығына әзілдеп қоңырау шалыпты. Енді ойнаймын деп от басқан жігіт 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары