Лаңкестік шабуылға байланысты қаралы күн жарияланды
Автор: Олжас Байжан
30.12.2013
Ресейдің Волгоград қаласында қос бірдей лаңкестік шабуыл жасалды. Бүгін таңертең троллейбуста жойқын жарылыс болып, 15 жолаушы оқиға орнында көз жұмған. Жарақаттанғандар 20-дан асады.
Кеше ғана осы Волгоградта беліне бомба байлаған жанкешті теміржол вокзалын жарған болатын. Қастандықтан 17 адам мерт болып, 50-і жапа шеккен. Жағдайы ауыр науқастар арнайы рейспен Мәскеуге жеткізіліп жатыр. Алдын- ала мәлімет бойынша, жарылғыш құрылғы вокзалға кірер есік пен турникет арасында іске қосылған. Күшінің жойқын болғаны соншалық, есік-терезенің барлығы қирапты. Алғашқы күдіктілердің де есімі аталуда. Ол Павлов есімді азамат болуы мүмкін. Сонымен қатар екі лаңкес болған деген болжам да жасалып отыр. Орын алған жағдайларға байланысты қала басшылығы 15 күнге созылатын күшейтілген қауіпсіздік шараларын қолға алуда. Лаңкестікке орай Волгоградта 30 желтоқсан мен 3-ші қаңтар аралығында қаралы күн жарияланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!