{metadescription}
0:000:00
Сән-салтанатқа жаны құмар әкім өз еркімен жұмыстан кетті

Сән-салтанатқа жаны құмар әкім өз еркімен жұмыстан кетті

Президент қана құқылы қызметтерді пайдаланам деп ақыры қызметімен қош айтысты. Жамбыл облысында Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі Марат Смаилов бүгін өз еркімен жұмысынан кетті.  

Шенеунік үйінде 3 бірдей күзетші мен аспаз ұстап,  айлығын мемлекет есебінен өтеген. Сөйтіп қазынаға жарты млн-нан астам шығын келтіріпті.  Басшының былығы Тәртіптік кеңесте де қаралды. Алайда әкімді «мемлекеттік қызметтен шеттету керек»- деген ұсынысқа, кеңес мүшелерінің басым көпшілігі қарсы дауыс беріп Смаилов мырза қатаң сөгіспен құтылған болатын. Тек сол әкімнің пәрменін орындаған аудандық аппарат жетекшісі қызметінен қуылған-ды. Бірақ ақпарат құралдарында үлкен шу туғызған соң, Марат Смаилов өз еркімен жылы орнын босатып беріпті. Сән-салтанатқа жаны құмар әкімнің сөзін сөйлеген Тәртіптік кеңестің бірнеше мүшесі де орындарын босатқан. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде