{metadescription}
0:000:00
Ірі көлемде пара алған ұлттық компанияның басшысына қатысты сот басталды

Ірі көлемде пара алған ұлттық компанияның басшысына қатысты сот басталды

Космосқа бөлінген миллиардттарды талан-таражға салған! Астанада «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясының президенті Ғабдулатиф Мырзақұловқа қатысты сот басталды. Экс-шенеунікке «ірі көлемде пара алды», «алаяқтық жолмен тапқан табысын заңдастырды» деген 2 бап бойынша айып тағылып отыр. Тергеу материалдарына сүйенсек, Мырзақұлов бюджеттің қыруар қаржысы бөлініп жатқан мекемеге жетекшілік еткенде бірнеше жер телімі мен қос-қостан пәтер сатып алған. Мұнымен де тоқтамаған ол "тендерді ұтып беремін", деп кәсіпкерден "ауызбастырық " алып жатқанда ұсталған болатын.

Қарауылмен жеткізілген «Ғарыш сапары» ұлттық компаниясының президенті бетін тұмшалап алған. Бірақ сот залына кіргенде камерадан жүзін жасырған жоқ. Ғабдулатиф Мырзақұлов тергеу изоляторында күнделік жаза бастаған ба, не сөйлейтін сөздерін тізбектеп отыр ма, әйтеуір әлденені түртіп алып жатыр. Қобалжып отырғаны байқалады. Адвокаттарының да жүйкесі жұқарған.

-  Сіз тілшісіз бе?

-  Әрине.

-  Сіздермен сөйлеспеймін.

-  Айттым-бітті.

Ал 51 жастағы Мырзақұловбиыл тамыз айында құрықталған-ды. Спорттық сөмкеге жасырылған 116 млн теңгені алып жатқан сәтте қызметтік пәтеріне қаржы полициясы кіріп келген. Мұндай ірі соманы ойланбастан санап берген жеке құрылыс компаниясының басшысы. Құрығы ұзын шенеунік кәсіпкерге Ұлттық ғарыш орталығын салуға бөлінген 15 млд теңгені тендерде ұтып беруге уәде етіпті. Міне, басты айыпталушы көз алартқан Есілдің сол жағалауындағы  нысан осы. Кезінде «құрылыс қарқынды жүріп жатыр» деп талай мақтауын асырған.

Ғабдулатиф Мырзақұлов, «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясының  бұрынғы президенті:

-Свайлардың үстіне корпусымыз киілуі тиіс. Сосын барлығы  бетондалады.

Қазір ірі көлемде пара берген кәсіпкер мен ауызбастырықты жеткізуші арадағы делдал үй қамауда отыр. Сондықтан болар төбе көрсеткен жоқ. Ал басты айыпталушының адвокаты 22 томдық іспен толық танысып үлгермейтінін айтып алғашқы процестті шегеруді өтінді. Судья ұсынысты қанағаттандырып келесі отырысты 14 қаңтарға белгіледі. Енді шатылып жатқан Мырзақұлов бірнеше ай бойы сотқа осы автозакпен қатынайтын болады.

- «Ғарыш сапары» ұлттық компаниясының президенті 116 млн парадан басқа, 90 миллион теңгені алаяқтық жолмен қалтасына басқаны анықталып отыр.  Ол бұл қаржыға 7 жер телімі мен бірнеше элиталық пәтер сатып алған. Ал жемқорлыққа белшесінен батқан мекеме «Қазғарыш» Агенттігінің қарамағына қарайтынын ескерсек, алдағы сот отырысында талай былықтың ашылуы ғажап емес. Ал Ғабдулатиф Мырзақұловтың кінәсі дәлелденсе, кемі 15 жылға абақтыға жабылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде