{metadescription}
0:000:00
Ауыл шаруашылығы министрлігінде кезекті тұтқындау

Ауыл шаруашылығы министрлігінде кезекті тұтқындау

Қаржы полициясы мен Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы текетірес ушыға түскендей. Құрығы ұзын орган жаңа жыл қарсаңында басы даудан арылмаған министрліктің тағы бір шендісін тұтқындады. Пара алу сәтінде құрыққа ілінген мал шаруашылығы департаментінің директоры.

Мұрат Жұманбай, ҚР Қаржы полициясының  ресми өкілі:

-Ет өнімділігі бағытындағы ірі қара малды индекстік бағалауды дайындау бойынша мемлекеттік сатып алудың келісім-шартына қол қоюға көмектескені үшін «Мал шаруашылығы және ветеринарияның ғылыми-инновациялық орталығы» ЖШС-нің бас директорынан 720 мың теңге пара алуы үстінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаментінің директоры М.Бақтыбаевты ұстады.

Бұл Мақсұт Бақтыбаевтың жазда түскен суреті. Қақпанға түскен  департамент директорына «қызметін бабын асыра пайдаланды» деген де айып тағылуда. Өйткені 720 мың парадан бөлек, тағы бір серіктестік басшысын құны 12 млн теңгелік жалған құжатқа мәжбүрлеп қол қойғызған.Бұл құрықтау жақында «мемлекеттік тендерді ұтып беру үшін кәсіпкерден 100 мың доллар пара алды» деп тұтқындалған Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өміраевтың ісімен тікелей байланысты болуы мүмкін. Орынбасарын жемқорлыққа қатысты айыптағанда министр Асылжан Мамытбеков, оның сүттен ақ судан таза екенін айтқан. Тіпті қылмысы сотта дәлелденсе, ертеңіне отставкаға кететінін мәлімдеген-ді. Енді қызметкерлерін қызғыштай қоритын  еліміздің бас агронымының қандай қадамға баратыны белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде