{metadescription}
0:000:00
«Барыс» соңғы минуттарда жеңілді

«Барыс» соңғы минуттарда жеңілді

Жаңа-жылдағы алғашқы ойынды Подольскіде жергілікті «Витязьге»  қарсы өткізген  Астананың «Барысы» ұпайсыз қалған жоқ.  Тартысты өткен бәсекенің негізгі  және қосымша  уақыты  1:1 есебімен аяқталып, қарсыластар буллит орындауға кірісті.

Бұл сында біздің хоккейшілердің бағы жанды. Буллиттер сериясына нүкте қойған шешуші шайбаны «Барыстың» дебютанты  Зак Хэмилл соқты.

Одан әрі Балашиха қаласына  бетке алған  «Барыс» Континентальдық лиганың лидері «Динамомен» күш байқасты.  Алғашқы үзілістен кейін  жерлестеріміз 1:2 есебімен алға шығып үлгерген.  Алайда «Барыс» бағландары  таблодағы нәтижені  ұстап қала алмады.  Матч аяқтаулға төрт минут қалғанда есепті теңестірген мәскеулік динамошылар , нәтижесінде овертаймда гол соғып кетті. Қорытынды есеп 3:2.

    

“Манчестер Юнайтед” Англия кубогының үшінші кезеңінен сүрінді. Өз алаңында “Суонсиды” қабылдаған  Дэвид Мойес шәкірттері қонақтарға 2:1 есебімен жол берді.

Кездесуді ширақ бастаған “Суонси” 12-ші минутта есеп ашты. Гол авторы Уейн Рутлидж. Қонақтардың қуанышы көпке созылған жоқ. Арада төрт минут өткенде Хавьер Эрнандес таразы басын теңестіріп кетті. Екінші таймда қос команда алма кезек шабуылда болды. Бірақ 80-ші минутта өрескел тәртіп бұзған манчестерлік қорғаушы Фабио алаңнан қуылды. 10 ойыншымен қалған алаң иелері тең есепті ұстай алмады. Кездесудің соңғы минутында Уилфрид Бони қортынды есепті орнатты.     

 

Футболдан Испания чемпионатының кезекті турында Каталондық “Барселона” аутсайдар команда “Эльчені” ірі есеппен ұтты.

Матчты толығымен бақылауда ұстаған “Барселона” не бары 7-ші минутта Алексис Санчестің көмегімен алға шықты. Көп ұзамай Педро Родригес каталондық жанкүйерлерді тағы бір желпіндіріп тастады. Үзілістен кейін алаңдағы жағдай өзгере қойған жоқ. Шабуылда белсенді өнер көрсеткен Санчес матч соңына дейін хет-трик авторы атанды. 63-ші минутта есепті 3:0 ге жеткізген ол 6 минуттан кейін “Эльче” қақпасына өзінің үшінші голын соқты. 18-ші турдан кейін “Барселона” мадридттық “Атлетикомен” бірдей 49 ұпай жинап алғашқы орынды бөлісіп тұр.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде