{metadescription}
0:000:00
 Ұлыбританияда қамауға алынған қазақ спортшысына қатысты сот өтіп жатыр

Ұлыбританияда қамауға алынған қазақ спортшысына қатысты сот өтіп жатыр

Бүгін Ұлыбританияда қамауға алынған қазақ спортшысына қатысты іс жалғасын тапты. Дәл қазір Лондонда 18 жастағы Азамат Теңізбаевтың соты өтіп жатыр. Адвокатар жас спортшының бостандыққа шығарына үміт бар дейді. Айта кетсек, таэквондадан ұлттық құрама сапында Мексикаға әлем чемпионатына аттанған спортшы 22-ші шілдеде Англия әуежайында тұтқындалған болатын. Оған ұшақта қасында отырған қызға «жыныстық емеурін көрсетті» деген айып тағылған.

-Бүгін Лондон сотында қазақ таэквондошысы – 18 жастағы Азамат Теңізбаевтың ісіне қатысты ақырғы сот процесі өтуде. Дәл осы сәттерде. Адвокатының дәйегіне қарағанда, отандасымыздың бостандыққа шығып қалуы мүмкін.

Жазира Тілешева, Азамат Теңізбаевтың анасы:

-Бүгін сот болады. Қазір сағат 2-де. Ағылшын заңы бойынша бірнеше күннен кейін шағынады екен. Балам ақталатын шығар деп отырмын.  

Естеріңізге салсақ, келеңсіз жайт шілде айында болған. 11 спортшы мен 4 бапкер бар ұлттық құраманың Мексикада өткен әлем чемпионатына кері орала келе жолда. Азамат Теңізбаевқа «ұшақ ішінде қасында отырған иран қызына жыныстық емеурін көрсетті» деген айып тағылған. Сөйтіп, Лондон әуежайынжа жеткенде спортшының қолына кісен салынды. Бірақ кейін телефон арқылы Азамат бізге оқиғанын шын мәнінде қалай болғанын жеткізген еді.

Азамат Теңізбаев, 6 қыркүйек, 2013:

-Мен шаршап келе жаттым да, ұйықтап кеттім. Сосын ұшақта турбуленттік жағдай болады ғой, сол кезде оянып кеттім. Қарасам, ұйықтап жатып, сол қызға ауып кеткем ғой. Иығым басында, қолым ішінде қалып кеткен ғой. Қолымды алып едім, ана қыз оянып кетті.  

Жат елде түрмеге тоғытылған спортшының артынан кейін анасы аттанды. Жеке адвокат жалданып, 6 мың фунт стерлинг кепіл ақшамен уақытша болса да бостандыққа шығуға мүмкіндік алды. Осы оқиға әсер етті ме, күзде Таэквондо федерациясының бірнеше бапкері мен жетекшісі қызметінен алынған. Десе де спортшылар ауыс-түсті бұл жайтпен байланыстырмайды.

Арман Шылманов, Таэквондо федерациясының бапкері:

-Бұл Азаматпен болған оқиғаның президенттің ауысымен түк байланысы жоқ.  Әдеттегідей қызметтік ауысу. Оның себептері мүлдем басқаша.

-Осылай деген федерация өкілдері тыс қалмай басы дауға қалған спортшыларына қолдау көрсеткендерін де айтады. Мәселен, алғашқы тыңдаламға 5 мың долларын беріп, адвокаттың ақшасын төлесе, кейін 8 мың доллар беріпті. Десе де жырақта мұндай халмен жату оңай емес, әрине. Сондықтан Тілешевтар отбасы қосымша қаржы үшін Алматыдағы пәтерлерін сатуға мәжбүр болған. Ал істің соңы, яғни Азаматтың бостандыққа шыға, не шықпасы бейсенбі күні белгілі болмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде