{metadescription}
0:000:00
Тұрғындар қайнаған суға күйіп қала жаздады

Тұрғындар қайнаған суға күйіп қала жаздады

Естен кетпес жаңа жыл түні. Алматыда қабырғасы әлі кеппеген Алғабас деген жаңа ықшамауданының тұрғындары мерекені тасыған судың ортасында қарсы алды. 5 қабатты үйдің кенеттен жылу құбырлары жарылып, түгелдей ыстық су шайған. Бумен арпалысқан азаматтар сол күні тіпті, бірде -бір коммуналдық қызметті де шақырта алмапты.      

-Міне, ыстық су 31-і күні атқылаған. Балалар күйіп қала жаздады. Сағат 12-ден кейін. Хабарласамын ешкім келмейді.

Мұрат Мұқашев биылғы жаңа жылды сумен алысып қарсы алды. Жігіт ағасы жаңа үйінің астынан ыстық су атқылайды деп ойламаса керек. Құбырын әрең дегенде өзі бітепті.

Мұрат Мұқашев, Алматы қаласының тұрғыны:

-Алматы тұрғын үй қалай қабылдап алған? Білмеймін. Хабарласамыз телефондарын ешкім көтермейді. Басып тастайды.

Жылу құбыры пәтер ішінен де подъезден де жарылған. Судың қатты екпінінен есептеуіш құралдары да істен шығыпты. Енді тұрғындар электр жарығын қостыруға батпай отыр. Өйткені құбыр тоқтың қасында тұр.

Күлғайша Бекжігітова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Қаншама мүгедек адамдар тұр, қаншамасы жас баласымен тұр. Мысалға ана күні мына кісінің үйінен су атқанда өздері үйде болды. Ал болмағанда кішкентай немерелері ыстық суға күйіп өлетін еді ғой. Кішкене жанашырлық болу керек қой, сапаға көңіл бөлу керек қой.

Үйдің әлі қабырғасы да кеппеген. Былтыр ғана «Қолжетімді баспана» бағдарламасымен кілең мемлекеттік қызметкерлерге беріліпті. Бірі – дәрігер, енді бірі – мұғалім. Енді бәрі қосылып, сусыз, жылусыз отыр. Ал баспананы о баста аппақ жұмыртқадай етіп өткізген мердігер Құрылыс компаниясы жарамасыз құбырларын ауыстыруға асығар емес.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.