Зайсаннан балық құрып барады
Автор: Әсем Қайратбек
07.01.2014
Шығыс Қазақстанда браконьерлер қақаған қыста да қармақтарын жияр емес. Мемлекеттік инспекторлар соңғы кездері балыққа бай Зайсандағы ахуалдың күрт нашарлап кеткенін айтып дабыл қағуда. Көлден соңғы екі жыл ішінде мыңдаған тонна көксерке заңсыз ауланып, шетел асқан. Ал балық басын көбейту шаралары соңғы уақытта мүлде қолға алынбапты.
Мына көлде бір кездері көксерке көп болатын. Ұзындығы бір метрден асатын Зайсанның осы балығының атағы тіпті талай жерге дейін дүркірген еді. Қазір мұнда ұзындығы 30 см-ге де жетпейтін шабақтар ғана қалыпты.
Александр Акулов, ШҚО прокурорының аға көмекшісі:
- Сұғанақтардың жолын кесу үшін мобильді топтар құрдық. Себебі Зайсандағы жағдай қазір бізді қатты алаңдатып отыр. Заң бойынша ұзындығы 38 см-ге жетпейтін балықты аулауға тыйым салынғанымен, бұған бас қатырып жатқан браконерьлер жоқ.
Прокурорлар енді балықты заңсыз аулағандарға салынатын айыппұл көлемін бірнеше есе өсірмек ойда. Өйткені балық санын көбейтуге бағытталған шаралар тек алдағы жылдарда ғана нәтиже бере бастайды екен. Сондықтан "заңсыз ау салатындарға дер кезінде тоқтау салмасақ бірер жылда балықтан басы бүтін айырылып қалуымыз мүмкін" деп қауіптеніп отыр. Бірақ су жағалаған жұрт мұны құлаққа іліп жатқаны жоқ. Зайсан көлінің айналасында жиырмаға жуық елді-мекен бар екен. Ауылда екі қолға бір күрек таппаған ер-азаматтар осы суға күндіз-түні қармақ салып қана күн көруде.
- Бала-шағаны асырау керек. Енді қайтеміз?
Ал табиғат қаскөйлерінің жолын түбегейлі кесуге облыстық балық шаруашылығы инспекциясы қауқарсыз. Өйткені Зайсаннан бөлек өңірдегі өзен көлдердің барлығын дер кезінде бақылауға маман тапшы. Санаулы инсектордың өзі көрінгеннен теперіш көріп жүр екен.
Талғат Рақымжанов, Зайсан-Ертіс облысаралық балық шаруашылығы инспекциясының бөлім басшысы:
-Біздің инпекторларды ұрып соғу зорлық зомбылық көрсету бар. Былтыр браконьер пышақ тығып алған испекторды, қазір заң алдында жазаларын алып жатыр. Соған қарамастан біздің инсекпторлар жұмыстары жүргізіп жатыр.
Соңғы кездері қалада балық саудалайтын сауда нүктелерінің саны да көбейген. Олардың барлығын балықпен қамтамасыз етіп отырғандар тауарды асытан тасымайтыны анық. Зайсанға ау салып, тоннасымен саудаланып жатыр. Жалпы соңғы екі жыл ішінде 22 тонна көксерке шетел асқан.
-Браконьерліктің артуына балықты кез-келген жерде сата беру себеп болуда. Қала тұрғындары әдетте балықтың қандай жолмен ауланғанына бас қатырып жатпайды. Сондықтан, даладағы бейберекет саудаланып жатқан өнімнің сатып алушылары да көп. Өйткені мұнда баға базардағыдан әлдейқайда арзан. Өскеменде мұндай оннан астам заңсыз сауда орны бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!