Отшашу атамын деп қос жанарынан айрыла жаздады
07.01.2014
Шымкентте Жаңа жылдық отшашу биыл жұртқа қуаныштан гөрі, көбірек қайғы әкелді. Көшеде сатылып тұрған петарданы ермек қылған үлкенді-кішілі 11 адам 5 күннің ішінде әр-түрлі жарақатпен ауруханаға түскен.
Ұлан Алтынбек, 7 сынып оқушысы:
-1-қаңтарда көшеде кетіп бара жаттым. Бір қырғын атылатын бомбалар тұр екен. Соның енді біреуін алып қарадым. Атылып кетті ғой. Біреу лақтырып жіберді ма, білмеймін.
Бұл Ұлан Алтынбек. Жарақат алған 11 адамның біреуі ғана. Қолына зақым келгені былай тұрсын, көзіне жасалған бір ота аздық етіп, алда оны тағы бір операция күтіп тұр. Мүгедек болып қалуы да мүмкін дейді дәрігерлер. Ал, «петардамен ойнаймын» деп, опық жейтіндер ауруханаға әлі де түсуі мүмкін. Себебі, көшедегі тарсылдың толастайтын түрі жоқ. Мамандар «бір сәттік қызық үшін бармақ тістететін пиротехникадан аулақ болған абзал» деп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!