Орындарынан қуылған саудагерлер шу шығарды
Автор: Олжас Сайлаубекұлы
07.01.2014
Семейде саудагерлер вокзал басшысына қарсы шықты. Темір жолдың жиегінде ұсақ-түйек сатып жүргендерді жаңадан келген бастық қудалап жатқан көрінеді.
Перронда саудамен нәпақа тауып жүргендерге, вокзал бастығы тап бүгін «орындарыңды босатыңдар» деп талап қойған. Жаңа басшының жыл басындағы бұл талабы сатушыларға тас төбеден ұрғандай әсер етіпті. Күнделікті шәй-пұлдық ақша тауып жүргендердің енді қайда барарын білмей басы қатуда. Саудагерлер мұны «босаған жерге басқасын орналастырмақ болған вокзал басшысының құйтырқы әрекеті» деп күдіктеніп отыр. Бастамасының арты дауға ұласқан бастық болса, кінәнің бәрін көлік прокуратурасына сілтеуде. Айтуынша, құзырлы орган саудагерлердің тұрағына қатысты тексеру жүргізіп, жерді босату туралы ұйғарым шығарыпты. Су жаңа дүңгіршектерді тұрғызған сатушылар енді жоғарғы жақтан көмек сұрап отыр.
Махбизат Мешімбаева, саудагер:
-Тапқан тиын-тебенмен бала оқытып отырмыз, кредит төлеп отырмыз! Осы арадан бала-шағамыздың рыздығын тауып отырмыз. «Қазақстан темір жолының президенті» Асқар Маминнен сұрайтынымыз бізге көмектесіңіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары