{metadescription}
0:000:00
Қақаған қыста сәбилерін далаға тастап кеткен көкек ана іздестіріліп жатыр

Қақаған қыста сәбилерін далаға тастап кеткен көкек ана іздестіріліп жатыр

Шымкентте безбүйрек ата-ана 3 бірдей сәбиін көшеге тастап кеткен. 2 мен 3 жастағы балаларды жеңіл киіндіріп, ал 8 айлық шақалақты сөмкеге салыпты. Үскірік суықта біраз тоңып қалғанымен бүлдіршіндер дін-аман. Дегенмен екеуі қазір ауруханада жатыр. Біреуін мамандар бейімдеу орталығына табыстаған.  

Фарида Сариева есігінің алдынан табылған балаларды әлі ұмыта алмай жүр. Тысқа шыққан әйел жағасын ұстапты. Қара суықта, қар үстінде жеңіл киінген екі баламен үлкен сөмке тұрған. Үйге кіріп сөмкені ашқанда ішінен 8 айлық шақалақ шығыпты.

 Фарида Сариева, Шымкент қаласының тұрғыны:

-Келе жатсам мына жерде күбір-күбір етеді. Кішкентай балалар атыр әйтеуір. Алдымда «өлә мынаны кім тастаған» деп, ары бері қарасам ешкім көрінбейді. Алдым, қатып қалыпты. Сумкасымен қосып, үйге алып бардым да ойбай мыналарды біреу тастап кетіпті деп, киімін ауыстырайын деп ашып қарасам ішінде тағы әлди жатыр. Жылытып тамақ бердік, қатып қалған. Үстінде жұқа киімдер.

Қайтпас шағын ауданында тастанды балалар алғаш рет табылып отыр. Бұл мұндайды көрмеген тұрғындар шошынып қалған.

-Бір қызығы үш бөбек табылған үйден санаулы метр жерде полиция пункті тұр. Балақайларды тастап кеткен ата-анасы балаларды тұрғындар болмаса да, погондылар байқап қаларына үміттенген болар.

Тастандыларды тауып алған отбасы ертеңінде оларды полицияға табыстаған. Сөйтіп, балалардың ересегі 3 жасар Керемет жасөспірімдерді бейімдеу орталығына жіберілді. Шамамен «жасы үштен енді асқан қыздың ақыл-есі дұрыс, тәбеті де жақсы» дейді тәрбиешілер. Тек, сөйлеуі нашар екен. Біздің түсінгеніміз, ата-анасына қайтып барғысы келмейді.

- Үйге барғың келе ма? 

 -  ммм,жоқ

–Ініңнің аты кім

– Мирас

Ал, Кереметтің інісі 2 жасар Мирас пен 8 айлық нәресте Кәусар аурухананың бір бөлімінде, бір бөлмеде жатыр. Әпкелері Керемет сияқты олардың да тәбеті жақсы, көңіл-күйі де көтеріңкі. Ата-анасын да іздемейді. Тіпті, Мирасқа қарындасынан басқа адам керек те емес секілді. Бүлдіршіндердің бауырмалдығы тас жүректі де тәубеге келтіреді. Дәрігерлердің айтуынша, ағайындылардың бұлайша бірге түсуі некен-саяқ екен. Шақалақтың дені сау. Ал, Мирас алғашында аздап ауырған.

Ғазиза Қожабекова, педиатр:

-Жөтеліп қалды. Бірақ, өкпесі суықтамаған. Кішкене жөтеледі. Енді басталып келе жатыр да, ну жалпы ауырып жатқан жоқ. Алдын-аламыз ғой.

Қазір Мирас пен Кәусардың жанында тәрбиешілер де бар. Тек, бұл жағдай ұзаққа созылмасы анық. Тиісті құжаттар жиналып біткен соң, балақайлардың екеуі бөбектер үйіне жіберілсе, үлкені Керемет балалар үйіне өткізіледі. Ал, оларды тастап кеткендер қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс. Әрине, ол уақытқа дейін үш бөбектің ата-анасы балаларын қайта алып кетпесе.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде