{metadescription}
0:000:00
Көпбалалы отбасы көше кезіп жүр

Көпбалалы отбасы көше кезіп жүр

Тұрмыс тауқіметін тартып, жоқшылықтан жауыр болған жанұя! Алматыда көпбалалы Черновтар отбасы 15 жылдан бері көше кезіп, нәпақаларын қайыр тілеумен тауып жүр. 6 балалы отбасының тұрғылықты жері жоқ. Тіркеуде болмаған соң отағасына жұмыс табу, ал шиеттей бала шағаға мемлекеттен жәрдемақы алу қиын. Енді әбден тарыққан көпбалалы жанұя шенділерден көмек сұрауға мәжбүр.

Асхана, қонақ, жатын бөлме барлығы бір 9 шаршы метрлік жерде. Бұл Черновтар отбасының қазіргі баспаналарының болмысы. 15 жылдан бері көпбалалы жанұя осылайша бір лашықтан екінші лашыққа көшіп жүр. Батыр ана бала-шағасын тентіретіп жібергеніне енесінің қатыгездігі себеп дейді.

Надежда Чернова:

-Енем аяғымның ауырлығына қарамастан үйден қуып шықты. Содан бері жолдасыммен бөлек тұрамыз. Ал жалғыз баспанамызды ата-енем несиеге салып, қазір тентіреп қалдық.

Бұл аздай, 6 баланың анасы тиесілі алтын алқасын да қол жеткізе алмай жүр. Төсбелгісін тағу былай тұрсын, соңғы екі кенжесінің жәрдемақысын да қағылған. Ресми органдар тіркеу қағазы қажет десе, Надежда тіркеуге тұрар жер жоқ деп отыр.

-Вот так экономно подарки в одну ложим. Потом все из этого чай пьют

Біраз жүріп сандалған ата-ана түк шықпасын түсінді ме, өздігімен күндерін көруге кіріскен. Мүмкіндігінше жейтін астарын да үнемдейді. Отағасы қара жұмыс істеп, жалдап отырған мына бөлмелерін төлейді. Ал алдыңғы 4 қызына деп бірелетін 6 мың жәрдемақылары 7 айлық кенжелерінің дәрі-дәрмегінен артылмайды. Сондықтан Надежда жоқшылықты жетіп келе жатқан бүлдіршіндері сезінбесін деп көше кезуге көшкен.

Анастасия Баргуева, көршісі :

-Балалары үшін қатты алаңдайды. Жауапты орталықтар жағдайды көріп тартып алама деп жиі жылап та алады. Мемлекет тарапынан қандай да бір көмек болса екен. 

Осылайша 9 шаршы метрлік жерде 8 жан адам төзгісіз жағдайда тұрып жатқанын, арасында шақалағы да барын білген көрші-қолаң барымен көмектеседі. Ал Черновтардың өздері қайыр сұрауға арланады. Дегенмен тұрмыс тауқыметін көп тартқан ерлі-зайыптылар 6 баласы үшін амалсыз алақан жаюға мәжбүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде