Адам өлтірген полицей сотта жауап беріп жатыр
Автор: Елгүл Нұғман
08.01.2014
Оралда қаржы полициясының бұрынғы қызметкері сот алдында жауап беріп жатыр. Рустам Сайфуллинге кісі өлтірді деп айыпталуда.
Былтыр қыркүйекте ол жұрттың көзінше үш жігітке травматикалық тапаншадан оқ жаудырған болатын. Алған жарақатынан олардың бірі көз жұмды. Ал ашуы қатты бұрынғы қаржы полицейі мұнымен қоймай жанындағы екі досына пышақ сермеген. Алғашында Сайфуллин «арақ ішкен бұзақылардан әйелімді қорғадым» деп ақталған-ды. Алайда тергеу барысында басқа жайттар әшкере болды. Ақтөбеден келген жігіттер «оған такси жүргізесің бе?» деп сұраған екен. Бұған намыстанған қаржы полициясының бұрынғы қызметкері ашуын қарумен қайтармақ болған. Бүгін сот осы іс бойынша алғашқы куәгерлерден жауап алды. Айыпталушының адвокаты да салған жерден қорғауындағы азаматты кінәсіз деп тануды сұрап отыр.
Станислав Никифоров, адвокат:
– Тергеу амалдары бойынша тағылған айып дұрыс. Болашақта сот әділ үкім шығарады деген үміттеміз. Кінәлілер лайықты жазасын алуы керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары