{metadescription}
0:000:00
Жантүршігерлік қылмысқа қатысты сот жанжалмен  басталды

Жантүршігерлік қылмысқа қатысты сот жанжалмен басталды

Өскеменде жантүршігерлік қылмысқа қатысты алғашқы сот отырысы шумен басталды. Өңірге белгілі экономист Талғат Қожахметовты өткен қыркүйекте бес адам жабылып, азаптап өлтірген болатын. Қаскөйлер оны 38 жерден пышақтағанымен қоймай, жүрегіне шеге қағып, зират басына лақтырып кеткен. Сол қандықолдар енді сот алдында жауап беруде. Алайда «ашық болады» деген процесске түрлі сылтаумен тілшілер қатыстырылған жоқ.

Бірінші тыңдалымға зардап шегуші жақ бір кісідей жиналғанымен, айыпталушылар тарапынан шақырылған куәгерлерді едәуір күтуге тура келді. Ал аттарын атап, түгендеп жатқан күзетшілер «бейнекамераны байқап қалып, кіруге рұқсат жоқ» деп қиғылық салды.

-Сот залына кіргізіңіз?

-Судья ешкімді кіргізбе деді. 

Бір үйдің отағасы, 30 жастағы Талғат Қожахметовты өлтірді деп айыпталған екеумен, айуандықты көре тұра оған көз жұмып қараған үш күдікті бүгін сот залына кісенсіз жеткізілді. Әрқайсысы қос-қостан адвокат жалдаған. Бұған дейін де абақтыда отырып шыққандар, көп созбаламай жантүршігерлік қылмысқа қалай барғандарын жайып салды.

Құсайын Қожахметов, марқұмның әкесі:

-Сотта отыр беттері бүлк етпей барлығының да. Адамды бауыздап тастап. Сондықтан бұндай қатыгез адамдарды аулақтау керек, өмір бойына отырғызса деп ойлаймын.

Бұл - күзде апталдай азаматты ақтық сапарға шығарып салған сәт. Талғат Қожахметовтың азапталған денесінің сау жері жоқ. Қанішерлер жігітке 38 жерден пышақ салып, жүрегіне екі шегені қадап, басын кесіп алған.  Марқұмның жұбайы Салтанат қазір көзінен бір тамшы жас үзбеуге  бел бұғанын айтады. Үкім шыққанша. Жарының өмірін қиғандар әділ жазаларын алмай тынышталмайтынын айтып тас-түйін отыр.

Салтанат Қожахметова, марқұмның жесірі:

-Құқығымыз бұзылды деп есептеймін. Неге десеңіз журналистерді, ашық сот отырысына неге қатыстыртпады? Осы жағынан бізде түсінбеушілік бізде болып тұр.

Қазір қос тараптың куәгерлері тыңдалып, жуық арада істің соңғы нүктесі қойылады. Марқұмның туыстары қаскөйлерді өмір бойына абақтыға жаптырмай тынышталмақ емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.