{metadescription}
0:000:00
Такси жүргізушісі жасөспірім қызды қалай өлтіргенін айтып берді

Такси жүргізушісі жасөспірім қызды қалай өлтіргенін айтып берді

«Тұлпар такси» тексеріліп жатыр. Бүгін аталған мекеменің басшылығы прокурорлар алдына шақырылды. 15 жастағы жеткіншекті өлтірген Виталий Атапин дәл осы таксопаркте екі айдан бері қызмет еткен. Жұмысқа алынарда неге екені белгісіз, оның 3 мәрте сотты болғаны және туберкулездің ашық түріне шалдыққаны да ескерілмеген. Ал қаскөйдің өзі бейкүні қызды сөмкесіндегі ақшасы мен ұялы телефонын алу үшін өлтіргенін мойындап отыр.

- Мен қызды өлтіргім келген жоқ. Бар ойым ақшасын тартып алу еді.

Бұл 15 жастағы Айсұлу Жамбарбекті өлтірген такси жүргізушісі Виталий Атапиннің өзі. Бейкүнә қызды нәбірі 35 мың теңге мен ұялы телефонға бола, қалай буындырып өлтіргенін тәтпіштеп баяндап отыр.

Виталий Атапин, күдікті:

-Көлікке отырған соң көзі ілініп кеткеннін байқадым да, оны қаланың сыртына шығарып, ақшасын тартып алмақ болдым. Бірақ жарты жолда қыз оянып кетіп, шу шығарды. Арпалыс кезінде оны қалай буындырғанымды да өзі білмей қалдым. Сөйттім де, мәйітін жолға тастап, кері оралдым.

Күдікті бұған дейін де 3 мәрте сотты болған екен. Соның бірінде қыз зорлап жазасын өтеген. Бостандыққа да шыққанына көп болмапты. Бірден такси жүргізушісі болып, жұмысқа тұрғанымен, әдетінен арыла алмаған.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы:

- Сот-медицина сараптамасына сүйенсек, қыз бала буындырылып өлтірілген. Оны зорламаған. Қылмыстық кодекстің 96 бабы бойынша оған айып тағылды.

Дей тұрғанымен, жеткіншектің өліміне бұл күдікті ғана емес, сондай-ақ оның жұмысқа қабылдаған «Тұлпар такси» мекемесі де жауапқа алынуы мүмкін. Яғни, 3 мәрте сотты болғанына қарамастан азаматты қоғамдық қызметке қабылдағаны үшін. Оның үстіне, Атапиннің туберкулездің ашық түріне де шалдыққаны белгілі болып отыр. Басшылық оны да тексермеген. Бірақ бұл қызметкерге ғана ерекше жеңілдік жасалған ба, «Тұлпардың» таксиін тізгіндеген өзге жүргізушілер қатаң тексеруден өткендерін айтады.

-Бүкіл құжатты сұрайды. Сотталған, сотталмаған туралы. Мында жүргізушілер бір-бірімізді танымаймыз.

Айта кетсек, 28-ші желтоқсаннан бері іздеуде болған қыздың өлі денесі 3-ші қаңтарда Алматыдан 20 шақырым жердегі су жағасынан табылған болатын. Колледждің 1-ші курсында оқитын Айсұлу Жамбарбек сол күні шәкіртақы алған екен. Сөйтіп, сол ақшаға ата-анасына сыйлық алған соң үйіне дейін такси ұстапты.

- Айсұлу Жамбарбекті өлтірген жүргізуші  қызмет еткен мекеме – осы. «Тұлпар такси» деп аталады. Қазір директоры 3 мәрте сотты болған азаматты қалайша жұмысқа алғандығы туралы прокуратураға жауап беруде екен. Ал күдікті Виталий Атапин, егер кінәсі дәлелденсе кемі 10 жылға темір торға тоғытылмақ.
   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.