{metadescription}
0:000:00
Пеш жағып көмір тасудан шаршаған жұрт наразылық білдірді

Пеш жағып көмір тасудан шаршаған жұрт наразылық білдірді

Алматы облысында жылудың азабын тартқан жұрт наразылық білдірді. Қапшағай қаласының орталығындағы көпқабатты үйдің тұрғындары 20 жылдан бері пәтерлерінде пеш жағып, көмір тасып әлек. Осы күнге дейін әне-міне орталық жылу жүйесіне қосамыз деп келген жергілікті атқамінерлер жуырда жылу жүргізуге кететін 120 миллион теңгені тұрғындардың өздері төлеуі тиіс деп қаулы қылған.

Қараша қашанғыдай жылудың жырын айтуда. Қапшағайдың қақ ортасындағы көпқабатты үй деген аты болмаса, таң атысы кеш батысы сарайдан көмір тасып жағып қамын қылады. 3 қабатты үйдің қалада тұрып ауылдың тірлігін қылып естіген елдің езу тартарына себепкер болғанына 20 жылға жуықтапты. Содан бері ел әкімдіктің табалдырығын тоздыруда.

Науат Жүдебаева, Қапшағай қаласының тұрғыны:

-Әкімдік бізге елдерден артықсыңдарма, ертең қосамыз бүгін қосамыз деп басында айтылды. Осымен ұмытылып кетті 20 шақты жыл өтті, осылай өмір сүріп келе жатырмыз.

 Жиырма жыл бойы қала атқамінерлерінің құлақ етін жеген жұртқа шенеуніктер жылу қосудың 3 жолын ұсынған. Яғни, 800 метр жерде жылу құбыры жүріп жатыр. Бірақ оның тарту үшін 120 миллион теңге керек екен. Екінші, сұйық отынмен жанатын жеке қазандық алу. 24 пәтерлі үй 1 жылу маусымында оған 13 миллион теңге төлеуі тиіс. Үшіншісі, тоққа тығылатын қазандық орнату. Оның құны әр жылу маусымында 1 жарым миллион теңгеге жуықтамақ.

Елдос Кеңесбеков, Қапшағай қаласы Тұрғынүй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

-Тұрғындар жылу жүргізу жұмыстарына қаржылай жәрдем жасауы тиіс. Айтылған үш бөлім бойынша өздеріне қолайлысын таңдаса болады. Миллиондаған ақшаны республикалық болмаса, жергілікті бюджет толық бере алмайды. Сондықтан үй тұрғындары бірігіп жинап өз қалталарын төлеуі тиіс.

Осылайша тас түскен жеріне ауыр, жылу керек болса жұрттан жылу жинап миллиондарды өтеңдер деп бұйырған шенеуніктер. Бұл ғана емес, Қапшағайдағы тағы бірнеше көпқабаттытұрғын үйдің тұрғындары  тамдарының суықтығын айтып безек қағуда.

-Қыстың көзі қырауда, қақаған қаңтарда қарадай қатқан қарашаның тұла бойы жуырда жылымайтын түрі бар. Қаланың күншығыс бетінде соқырішектей шошайып жылусыз жалғыз қалған мына көпқабатты тұрғын үй биылғы жылу маусымында орталық жылу жүйесіне қосылмайтынын шенеуніктер шегелеп айтты. Тек 2015 жылғы жоспарға ілінуі мүмкін. Онда да жылу жүргізугі кететін қыруар қаржының тең жарымын тұрғындар отбасыларының аузынан жырып өздері төлеуі тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде