{metadescription}
0:000:00
Анар Мешімбаева  бұрынғы орынбасарымен сот залында кездесті

Анар Мешімбаева бұрынғы орынбасарымен сот залында кездесті

Астанада ұзақ үзілістен соң Анар Мешімбаеваның  ісі жалғасын тапты. Бүгін Статистика Агенттігінің экс-төрайымы абақтыда жазасын өтеп жатқан бұрынғы орынбасары Нұрман Баяновпен бетпе-бет кездесті. Қос сыбайласқа санаққа бөлінген жүздеген миллион теңгені қымқырды деп айып тағылған болатын. Алайда сот залына жеткізілген шенеунік өзін де, басшысының да, жазықсыз екенін мәлімдеді. Осы сөзге көңілі босаса керек, Мешімбаева денсаулығының сыр беріп жүргенін айтып, изоляторға дәрігер жіберуін өтінді.

Анар Мешімбаеваның атышулы ісі жаңа жылдық демалыстардан кейін жалғасын тапты. Статистика агенттігі экс-төрайымының жүзінде қобалжу бар. Себебі бүгін қанша жыл көрмеген орынбасарымен бетпе-бет жүздеседі. Ал 5 жылдан бері абақтыда отырған Нұрман Баянов сот залына  Ақмола облысынан кісенмен жеткізілген. Экс-шенеунік  түрмедегі  киімімен келді. Сөз алған бойда бұрынғы басшысын қорғауға көшті.

- Құжатқа қол қояр кезде қысым жасалды ма?

- Жоқ.

- Қол қойғыңыз келмеді делік, Мешімбаева мәжбүрлеген жоқ па?

- Жоқ.

Ал санаққа қажетті 3 теңге тұратын 1 бюллетеннің бағасын 15 теңге деп көрсеткен Баян Нұрманов өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ. Ал, Анар Мешімбаеваның адвокаты мұндай бланктің онсызда қымбат екендігін айтады.

Ботагөз Бейсембаева, Анар Мешімбаеваның адвокаты:

-Көп мысал келтіруге болады, сол Қаржы полициясының өзі, бас прокуратура да А4 форматындағы қағазды  жоғары бағамен сатып алады. Бюллетеннің түр-түсін көрдіңіздер ғой, барлықтарыңыз куә болған шығарсыздар.

Бүгін судья Анар Мешімбаеваға сөз бермеді. Ол сыбайласы деген орынбасарын үнсіз тыңдады. Нұрман Баянов болса, бұрынғы басшының кінәсіз екендігін бірнеше рет қайталады. Ал шатылып жатқан экс-төрайым тісінің ауыратынын айтып түрмеге стоматолог жіберуді өтінумен болды.

- Түрме бастығы рұқсат берді ма?

- Түрмеде дәрігер жоқ па?

- Маған стамотолог керек.

Судья аяса керек, келісімін берді. Ал бір қызығы, 2009-шы жылғы санаққа бөлінген 758 млн теңгені не Мешімбаева не Баянов ұрламадық деп отыр.

-Келесі маңызды куәгер дүйсенбі күні келеді. Ол «Киік» фирмасының құрылтайшысы  9 жылға сотталған Серік Тұржанов. Кәсіпкер бүгін қарауылмен Қарағандыдан Астанаға жеткізілген. Сот Анар Мешімбаеваның  нақ осы сыбайласының сөзін тыңдап болған соң соңғы үкімін шығармақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде