{metadescription}
0:000:00
Англияда қамауға алынған спортшы ақталды

Англияда қамауға алынған спортшы ақталды

Алқабилер Англияда қамауға алынған қазақ спортшысын кінәсіз деп тапты. Ұлттық құрама сапында таэкондодан әлем чемпионатына барған Азамат Теңізбаев ұшақта қасындағы қызға «жыныстық емеурін» танытты деген айыппен тұтқындалған болатын. Бірақ отандасымыздың кінәсі сотта ақыры дәлелденген жоқ. Бүгін Азаматтың өзі  бізбен телефон арқылы тілдесіп, қуанышымен бөлісті.

-Спортшыға қатысты келеңсіз жәйт былтыр тамыз айында болған. Таэквондодан Мексиканың Пуэбла қаласында өткен әлем чемпионатына Ұлттық құрамамыз қатысып, қайтар жолда 18 жастағы Азамат Теңізбаевқа «ұшақта қасында отырған парсы қызға ерсі қылық көрсетті» деген айып тағылған. Сөйтіп, спортшының қолына Лондон әуежайында кісен салынды. 

Алайда іс 5 айға жуық тергеліп, ақыры отандасымыздың кінәсі дәлелденген жоқ. Бүгін алқабилердің шешімімен Азамат кінәсіз деп танылды. 

Сұлтан Шоқпытов, Азамат Теңізбаевтың бапкері:  

-Анау Либия Хилли деген әйел осы Израиль азаматы, Азаматты айыптаған. Өзі сотқа келген жоқ. Бейнебайланыс арқылы айтты барлығын. Шынын айту керек, өте қауіпті болды. 

Ал сотта куәгергер ретінде ұшақ жолсерігі мен 2 спортшы тартылған. Азаматтың сырт елде тұтқындалуы, әсіресе, шешесі Жазираға қатты батқан еді. Енді, ана жүрегі орнына түскендей. 

Жазира Тілешева, Азамат Теңізбаевтың анасы:

- Бәрі ойдағыдай болды. Қуанышымда шек жоқ. Бұл енді менің баламның ғана емес, Қазақстанның абыройы ғой. Елші мен аудармашылар бізге өте көп көмек көрсетті.

Бөтен елде жіпсіз байланып жатса да таэквондошы уақытын бекерге өткермепті. Жаттығуын жалғастырып, ағылшын тілін де қоса үйренгенін айтады.

Азамат Теңізбаев:

- Қуаныштымын қатты. Бәрі жақсы біткеніне, басында қатты уайымдадым. Сынақ қой енді, көп нәрсені түсіндім.

 - Енді ұшақта ұйықтамайсын ба?

– Ұйықтағанда, енді сақ боламын.  

Енді сәтін салса, алдағы жексенбіде спортшымыз қасында анасы мен бапкері бар елге оралмақ. Сөйтіп, бірден жаттығуына кіріспек ниетте. Өйткені алда оны Ұлттық құрамаға іріктеу сынағы күтіп тұр.

- Айта кетсек, осыдан тура 2 жыл бұрында дәл осыған ұқас оқиға АҚШ-та тіркелген еді. Онда арнайы бағдарлама бойынша білім алып жүрген 20 жастағы Жанболат Бақтыбекұлына 11 жастағы қызыға әдепсіздік әрекет көрсетті деген айып тағылған. Бірақ кейін Азамат Теңізбаев тәрізді ол да ақталып шақты.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде