Қазақ математигі әлемдегі ең қиын есепті шешті
Дүниежүзі ғалымдары жүз жылдан бері бас ауыртып жүрген бұл теңдеуді астаналық профессор 35 жыл зерттеп, ақыры әдісін тапқан.
Автор: Жәудір Оразхан
10.01.2014
Мұхтарбай Өтелбаев, математик:
- Ұшақтың ұшуын , кеменің жүрісін зерттеулерге пайдалануға болады. Сұйықтықтың қозғалысы әртүрлі түрлі, оны бір модельге сыйғызуға болмайды. Мысалы, пиалаймен шәй ішіп отырсаңыз, пиалканы ақырын қозғасаңыз мына теңеумен ішіндегі шәйдің қозғалысын зерттеуге болады.
72 жастағы Мұхтарбай Өтелбаев әлемдегі ең қиын 7 математикалық тапсырманың алтыншысын шешіп отыр. 2000 жылы Клэя математикалық институты бұл мәселелердің әрқайсысысының шешімі үшін 1 миллион доллар сыйақы тағайындаған болатын. Бүгінге дейін мамандар күрмеуі қиын жеті есептің біреуін ғана шешіпті. Оның әдісін ресейлік ғалым Григорий Перельман тапқан еді. Ал, қазақ профессоры бағындырған «Навье-Стоктың теңдеуінің күшті шешімі» атты есепті қазір дүниежүзінде мың жарым ғалым зерттеп жүр. Мұхтарбай Өтелбаев болса, өз жаңалығын жуырда Мәскеудің математиктеріне ұсынып, кейін америкалық ғалымдарға дәлелдеп шықпақ. Шетелдік әріптесері мойындаса ғана, сенсация ретінде бағаланып тіпті қомақты сыйақыға да ие болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары