{metadescription}
0:000:00
Жол сақшысы қарияны көлігімен қағып кетті

Жол сақшысы қарияны көлігімен қағып кетті

Ақмола облысында полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқыс оқиға Щучье қаласында болған. 60 жастағы қала тұрғыны қазір ауыр халде ауруханада жатыр.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, кеш қарая көше қиылысынан өтіп бара жатқан азаматты полиция көлігі қағыпты. Ал тізгінде Бурабай аудандық Ішкі Істер бөлімінің капитаны болған. Облыстық Ішкі істер департаменті тәртіп сақшысының кісі қаққанын растағанымен, "қызметтік көлікпен жүрді" деген ақпаратты жоққа шығарып отыр. Айтуларынша, ережені де полицей емес, жаяу жүргінші бұзған көрінеді. Ол бағдаршамның қызыл түсіне қарамай, жолды кесіп өтпек болыпты. Қазір ауыр соққы алған жаяу жүргінші жансақтау бөлімінде жатыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.