{metadescription}

Шенеуніктер кәсіпкерлерге берілуі тиіс ақшаны жеп қойған

Жамбыл облысында елуге жуық кәсіпкер автомобиль жолдары комитетінің өңірдегі департаментін сотқа бермек. Бизнесмендер мекеме өкілдерін жалған құжатты мақұлдап, алаяққа ақша аударған деп айыптауда. Осылайша дәмхана қожайындары жүздеген млн теңгеден қағылыпты. Енді барынан айырылған жұрт, жауаптылардан миллиондарды өндіріп беруін талап етуде.

-Мына жолдың бойында жүзден астам дәмхана жолаушыларға қызмет қылған. Осыдан бес жыл бұрын «Батыс-Еурапа-Батыс-Қытай» көлік дәлізі салынарда, олар жаппай бұзылып, талқандалған. Кафе қожайындары мемлекеттен өтемақы аламыз деп үміттеніпті. Алайда, алаяққа алданып, ақшаларынан айырылып қалған.

Ниет Молдабаев деген азамат 50 құрылтайшының келісімінсіз, бір гектарға жуық жерді нысандарымен қоса мемлекетке өткізіп жіберіпті. Сөйтіп, 80 млн теңгені қалтасына басқан.

Мәрияш Бектұрова, кәсіпкер:

-Бейнетін біз көріп, зейнетін Ниет көріп жатыр. 12 адамды артынан құрастырып алған. Сол 12 адаммен бөлісіп алып отыр. Олардың ішінде кәсіпкері жоқ, құрылтайшы да емес. Солар рахатын көріп отыр.

Салқынбек Әбілғазиев, кәсіпкер:

-Бұл жерде көптеген мемлекеттік шенеуніктер араласқан. Ауданның бұрынғы әкімі Нұралиев мырза, ол кісі кетіп қалған. Ол қаулы шығарған. Құрылтайшы емес адамдарға біздің жер телімдерімізді заңдастырып берген.

Милиондарды құлқынынан өткізіп жіберген Ниет Молдабаевтың былықтары әшкере болып, 5 жыл арқалапты. Дүние мүлкі де тәркіленген. Бірақ соттың бұл шешімі кәсіпкерлерді жұбата алмады. Сондықтан олар, автомобиль жолдары коммитетінің осы өңірдегі бөлімшесін сотқа бермек. Мекемені алаяқпен ауыз жаласып, заңсыз ақша аударған деп айыптауда. 

Болат Байкеев, кәсіпкер:

-Жол департаменті коммитеті бар ғой бізде, ақшаны бөлген. Біз сол кісілерді сотқа береміз. Құжаттарды дайындап қойдық. Солардан талап етеміз. Өйткені біздің құжаттарды қарамаған, құжатты көрмеген, заңсыз ақшаны аударып жіберген. Солардан талап етеміз.

Алайда, автомобиль жолдары коммитетінің Жамбылдағы бөлімшесін шарқ ұрып іздесек те таба алмадық. Себебі, мекеме өткен жылдың күзінде аймақтағы қызметін тоқтатып, орнын «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы басқан. Ал, ондағылар бұл мәселеге жауап беру біздің құзырымызға кірмейді деп жауапты қысқа қайырды. Енді, барынан айырылған қарашаның ақшасын кімнен даулайтыны белгісіз.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде