{metadescription}
0:000:00
Арнайы операция кезінде ұлынан айырылған келіншек құн даулап жүр

Арнайы операция кезінде ұлынан айырылған келіншек құн даулап жүр

Бүгін Алматыда екі бірдей күш құрылымына қатысты сот ісі басталды. Шағымданушы - былтыр лаңкестік бабымен сотталған Саян Хайровтың әйелі. Шынар Бисенбаева Ұлттық қауіпсіздік пен Ішкі іштер департаменттерінен 11 жастағы баласының өліміне құн даулап жүр. Екі жыл бұрын Алматы іргесіндегі саяжайда ланкестерді құрықтау шарасы кезінде 13 адамның көзі жойылған болатын. Арасында осы Хайровтың да баласы бар. Ұлынан айырылған келіншек енді 20 млн. теңге талап етуде. 

Күш құрылымдарынан ұлының құнын даулаған Шынар Бисенбаева бүгінгі сотқа ерте жеткен. Бірақ адвокаты кешіккендіктен, келіншектің судья сұрағына жалғыз жауап беруіне тура келді.Кейін көпті күттірген адвокат та жеткенімен тыңдалымның өзі ұзаққа созылған жоқ. Өйткені Шынар «баламды өлтірді» деп айыптаған қалалық Ұлттық қауіпсіздік пен Ішкі істер департаменттерінің өкілдері сотқа ресми дәйек ұсынған. 

- Бұған дейін сотта айтқан сөзіңізді айтыңызшы?

- Ештеңе айтпаймын.

2012-ші жылдың тамызында Алматы іргесіндегі Таң саяжайында ланкестерді құрықтау операция өткен еді. Сол кезде 13 адамның көзі жойылған. Арасында Саян Хайровтың ұлы бар. 11 жасар Ислам әкесінің жақтастары тығылған жерде жүрген. Бірақ шешесі Шынар күш құрылымдары іште жас балалардың барын біле тұра шабуылдағанын айтады. Келіншек енді сол оққа ұшқан ұлының құны ретінде 20 млн. теңге талап етуде.

Шынар Бисенбаева, С.Хайровтың жұбайы:

-Баламның өліміне Ішкі істер де, Ұлттық қауіпсіздік қызметі де қатысты. Оған дәлелдер бар. 

Ал қос органның өкілдері келтірген дәйекке қарағанда, бұл оқиғаға тікелей облыстағы әріптестері жауап беруі тиіс. Өйткені атыс Бағанашылда, яки қалада емес, облысқа тиесілі аумақта болған. Сондықтан құрықтауға облыстың арнайы күші ғана жұмылдырылған.     

Жандос Бұлхайыр, Ш.Бисенбаеваның адвокаты:

-Нақты дәлелін келтірсін. «Біз емес, мыналар» деген. Облыс, не республикалық деңгейдегі органдарға қатысты. Сол кезде көреміз.  

-Енді соттың келесі тыңдалымды Бағанашылдағы арнайы операцияға нақты қандай күш құрылымдарының қатысқанын анықтаудан бастауына тура келмек. Өйткені Шынар Бисенбаеваның шағымы тікелей қалалық Ұлттық қауіпсіздікпен Ішкі істер департаменттеріне бағытталған. Ал соттың келесі отырысы 21-ші қаңтарға белгіленді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде