{metadescription}
0:000:00
Ауыл шаруашылығы министрлігінің қос лауазымды шенеунігін ұстау үшін қаржы полициясы арнайы операция өткізген

Ауыл шаруашылығы министрлігінің қос лауазымды шенеунігін ұстау үшін қаржы полициясы арнайы операция өткізген

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігі мен қаржы полициясының арасындағы ақпараттық текетіреске соңғы нүкте қойылды. Өйткені біраз үнсіздіктен соң құзырлы орган нақты айғақтарын жариялап, қос шенеуніктің қалай пара алып жатқаны туралы таспаны жариялады.

Міне, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өміраев орындықта отыр. 100 мың доллар пара алып жатқан сәтінде пәтеріне қаржы полициясы кіріп келген. Лауазымды атқамінер «мемлекеттік тендерді ұтып беремін» деп жергілікті кәсіпкерден ірі көлемде ауызбастырық талап етіпті.Өміраевтан соң Мал шаруашылығы департаментінің директоры Мақсұт Бақтыбаев ұсталған болатын. Жас шенеунік қымбат шетелдік көлігінде отырып 720 мың теңге параны алып жатқан жерде тұтқындалды. Бұл да әлдебір кәсіпкерге тендерде жеңімпаз атануға көммектесетінін айтыпты. Сонымен қатар қызмет бабын пайдаланып ондаған млн қаржылық қитұрқылық жасаған.  Ал министр Мамытбеков қарамағындағыларының жемқорлығына сенімдіксіздікпен қараса,  28 жасар Мақсұт Бақтыбаев кінәсін ұсталған бойда мойындады. Тіпті аса қиналып тұрмағаны байқалды.

Мына жерде не деп жазылып тұр?

Пара деп жазулы тұр. (есінеп)

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде