{metadescription}
0:000:00
Аргентинада  қазақтың ұлттық тағамы әзірленді

Аргентинада қазақтың ұлттық тағамы әзірленді

Дакар раллиге қатысып жатқан автошабандоздарға қазақтың ұлттық тағамы тарту етілді .«Astana Motorsports» командасы асқан еттен ауыз тимеген ешкім жоқ. Артынша Дакардың 7-ші жарыс күні басталды. Өкініштісі Артур Ардавичус тақымдаған Татра төңкеріліп түсіп, көлікке үлкен зақым келген.

Балдай бесбармақты пісірген «Astana Motorsports» командасының жігіттері. Дакардағы жарыстан діңкелері құрыған шабандоздар жабылып келіп қазақтың дастарханына отырды. Қазы мен қарта, жал мен жая астау-астау болып асылған астан құр қалған ешкім жоқ. Темір тұлпарды Аргентинаның тау мен тасында ұршақтай иіріп жүргізетін біздің жігіттердің бесаспап екенін шетелдіктер де мойындады.

Жан Марк, “Over drive” командасының директоры:

-Шынымды айтсам алғашында бұл ас дәмсіз болар деп ойладым, өйткені ішінде жылқының еті бар ғой. Бірақ қатты қателескен екенмін. Келгеннен бастап жеп жатырмын, әсіресе қазысы өте ұнады. Қазақ жігіттері жарады, жарысқанда ғана жүйрік емес асты да тамаша дайындайды екен.

Бірінші кезеңнен кейінгі бір тәуліктік демалыс аяқталысымен Аргентина даласындағы құлаққа ұрған танадай тыныштық жайына қалды. Жүк көліктері, жол талғамайтын темір тұлпарлар барлығы жолға шықты. Тау мен тастың арасынан өтетін жолды шелектеп жауған жауын лай батпаққа айналдырған. Соның салдарынан «Astana Motorsports» командасы тақымдаған Татра жүк көлігі төңкеріліп түсті. Көлікке қатты зақым келген, дегенмен жай басып мәреге жеткен отандастарымыз 18 орынға тұрақтады бүгін.

Артур Ардавичус, «Astana Motorsports» командасының пилоты:

-Қазір біз кім қандай жұмысты жасау керек екенін бөліп жатырмыз. Санаулы сәттен соң іске кірісеміз. Көлігімізге қатты зақым келді, бірақ таңертең жарыс жолына шығуға барымызды саламыз.

Айдын Рақымбаев пен Владимир Демьяненко тақымдаған жол талғап жатпайтын темір тұлпар 13 орында, олардың көлігі де жолда бірнеше мәрте бұзылған. Үшінші экипажымыз аспай-саспай көлікті бұзбай жетті мәреге. Бірақ бар-жоғы 43 орынға тұрақтады. Түнімен тынбай көз ілмей көлік жөндейтін шабандоздарымыз ертең таңертең жарыс жолына шығуға белдерін бекем буып отыр.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде