{metadescription}
Үйіне демалысқа келген студентті атып кетті
Шымкентте қаланың қақ ортасында атыс болды. Көшеде кетіп бара жатқан 16 жастағы жігітке көлікпен келген белгісіз біреулер оқ жаудырған. Жараланған бозбала жансақтау бөлімінде жатыр. Полицияның мәліметінше, мойнынан жарақат алған ол Қытайда білім алып жүрген. Шымкентке бір айға демалысқа келіпті. Ал, оқ жаудырған Тойота Карина маркалы көліккке іздеу жарияланып, көп ұзамай қожайыны табылды. Иесі Шымкенттегі колледждердің бірінде оқиды екен. Жарақат алған студентті ол бұрыннан танитын болып шықты.
Автор: Бек Әби
13.01.2014
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!