{metadescription}
0:000:00
Шекарадағы қақтығыс Бішкек пен Душанбе арасындағы дипломатиялық жанжалға ұласты

Шекарадағы қақтығыс Бішкек пен Душанбе арасындағы дипломатиялық жанжалға ұласты

Қырғыз-тәжік шекарасындағы төтенше жағдай салдары анықталуда. Өткен сенбі күні екі мемлекеттің шекарашылары бір-біріне оқ атып, 8 адам аурухана жараланған болатын. Әскерилер қақтығыс барысында тіпті миномет секілді ауыр қару түрлерін пайдаланыпты.

Алтынбек Тоқтомаматов, Қырғызстан шекара қызметінің өкілі: 

-Лейтенант Бұйлашевтің басына қару тақап, қорқытпақ болған. Ол автоматты итеріп жібергенде оқ атылған. Қарнынан жараланып, жерге құлаған соң екі жақ бір-біріне қарсы оқ жаудырды.

Шекараға кейін Қырғызстан әскерін шоғырландырған. Ал қақтығысқа тәжік анклавын айналып өтетін Ақ-Сай – Тамдық жолының құрылысы себеп болса керек. Тәжік жағының арнайы жасағы сол құрылыс жұмыстарын күшпен тоқтатпақ болған көрінеді. Бірақ арты қарулы қақтығысқа ұласып, 8 сарбаз жараланған. Бішкек бұған Тәжікстан тарапын кінәлауда. Шекараны заңсыз өткенімен қатар, артиллерия пайдаланды деп отыр. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар нысандарға мергендер оқ атқанын да алға тартуда. Оқиғаның анық-қанығы нақтыланғанша екі мемлекет арасындағы шекара уақытша жабылды.

Райымберді Дүйсенбиев, Қырғызстан шекара қызметі басшысының міндетін атқарушы: 

-Мергендер жұмыс істеді. Осы оқиғадан бір күн бұрын ғана біз келіссөз жүргізіп, шекарадағы мәселені күш қолданбай шешетіндігімізді айтқан едік. Олар сөздерінде тұрмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде