Премьер Елбасыға қол жеткізген рекорды туралы айтып берді
15 жылда болмаған рекорд! Бүгін Ақордаға шақыртылған премьер-министр Нұрсұлтан Назарбаевқа өткен жылдың қортындысы туралы есеп берді.
Автор: Ербол Сейілхан
13.01.2014
Осы жылда бірінші рет Ақордаға келген Үкімет басшысының баяндамасы оптимизмге толы. Бастысы экономикада даму бар. Ішкі жалпы өнімнің көлемі де өскен. Әсіресе, Серік Ахметов негізгі жетістігі ретінде инфляцияны 4,8 пайыз деңгейінде ұстап қалғанын мақтанышпен айтты. Бұл 15 жылда болмаған рекордттық көрсеткіш екен. Ал премьерді мұқият тыңдаған президент ешқандай ескерту жасаған жоқ. Тек біраз міндеттер жүктеді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- «Теңіз», «Қашаған», «Қарашығанақ», обьектілерінің жанында үлкен өндірістер пайда болуы керек. Жолдауда айтқам. Энергетиканы әрі қарай қалай жүргіземіз бұл да негізгі мәселе. Атом электр станциясын салу мәселесін шешуіміз керек. Қай жерде кіммен жасайтынымызды анықтауымыз керек. Халықтың әл- ауқатын төмендетпей жақсы қарап отыруымыз керек. Жұмыс орны мәселесі дегендей.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары