{metadescription}
0:000:00
"Ақтөбе" ірі жеңіске жетті

"Ақтөбе" ірі жеңіске жетті

Бірер күннен кейін Сочи олимпиадасына аттанатын  Қазақстан делегациясының құрамы  толық белгілі болады. Дегенмен кейбір спорт түрлерінен  алдағы ақ ойындарға қатысатын спортшылардың тізімі  белгілі. Коньки тебу спортынан  Қазақстан құрамасы сапында алты үміткер бақ сынайды.

Олар – Денис Кузин, Роман Керч, Федор Мезенцев, Александр Жигин, Дмитрий Бабенко және Екатерина Айдова. Әлем чемпионы Денис Кузин   1000 және 1500 , ал Азияның үздігі атанған стайеріміз Дмитрий Бабенко 1500,  5 мың және 10 мың метрлік дистанцияларда күш сынап көреді. Роман Керч  500 метрге жүгірсе, Федор Мезенцев пен Александр Жигин  бір жарым шақырымдық  қашықтықта сынға түседі.  Команда сапындағы жалғыз аруымыз Екатерина Айдованы үш бірдей дистанцияның ортасынан көретін боламыз. Сочидегі ақ ойындар ақпанның 7 мен 23 аралығында өтеді. 

«Ақтөбе» футбол клубы   жаңа маусым алдындағы оқу жаттығу аясында,  екінші жолдастық кездесуін өткізді. Алғашқы сынақ матчта Бразилиялық «Можо-Мирим» клубын 4:0 есебімен ойсыратқан «Ақтөбе»,  бұл жолы  Түркияның «КАРТАЛСПОРЫНА» дес бермеді.

Есеп 3:1. Стамбулда өткен матчтағы алғашқы голды «Ақтөбе» сапында сынақта жүрген нигериялық шабуылшы Оке Акповета соқты. Кездесудің екінші таймында ақтөбеліктер алаң иелерін тағы екі рет қапы қалдырды.  Александр Гейнрих есепті еселей түссе,  үшінші доп Абат Айымбетовтің  еншісінде. Жылы жақты жағалап жүрген  Қазақстанның өзге клубтары да  жолдастық матчтар өткізуде. Дайындықты Түркияда бастаған  Қостанайдың «Тобылы» 1:2 есебімен Әзербайжанның «Габала» клубынан жеңілді. Біріккен Араб Әмірліктеріне жол тартқан  «Астана»  Дубай қаласында жергілікті командалардың бірінен ұтылып қалды.  

Цюрихте жылдың үздік футболшысына дәстүрлі  «Алтын доп» жүлдесін тапсыру салтанаты өтті.  Ұлттық құрамалардың бас жаттықтырушылары мен команда капитандары  қатысқан дауыс беру нәтижесі бойынша 2013 жылдың үздігі деп   Криштиан Роналду танылды.

Король клубы «Реалдың» сапындағы португалиялық футболшы,  өзімен таласқа түскен Франк Рибери мен Лионель Мессидің алдын орап кетті. Бұған дейін «Алтын допты » қатарынан төрт рет иеленген Мессидің өкпесі жоқ шығар, бірақ  «Баварияның» белді ойыншысы Риберидің үздік атанатын жөні бар еді.  «Реал » 2013 жылы бір де бір жүлдеге ілккен жоқ. Ал бундеслигада топ жарған «Баварияның» былтыр бағындырмаған биігі қалмады. Мюнхендік футболшылар  Германия кубогы , чемпиондар лигасы және әлемнің клубаралық чемпионатында  жеңіске жетті. «Алтын доптың» иегері Роналду өткен жылы ұзын-саны  66 гол  соққан. Соның ішінде  Швеция құрамасына соққан төрт голдың орны ерекше.  Өйткені осы матчтағы  жеңістің нәтижесінде  Португалия әлем чемпионатына жолдама алды.  

Бирмингемде 1:2 есебімен жергілікті  «Астон Вилланы» ұтқан «Арсенал», Англия премьер лигасында  қайта көш бастады.  21-турды түйіндеген  бүгінгі бәсекедегі алғашқы допты  Джек Уилшер соқты.

Бұл ойын сәтінде әдемі басталған комбинацияны голға асырған Уилширдің жерлетіп тепкен добы қақпаның оң жақ бұрышынан табылды. Арада  бірер минут өткенде  алаң иелері екінші рет сан соғып қала берді.  Бұл жолы Оливье Жиру мергендік танытты. Тек бір голмен   шектелген «Астон Вилла»  осы турдың қорытындысы бойынша   турнир кестесінде  11- орынға сырғыды. Ал,  бүгінгі жеңістен кейін есебіне 48 ұпай жазған Лондонның  «Арсеналы»  үлкен керуенннің алдына шықты. Екінші орынға жайғасқан «Манчестер Ситидің» есебінде 47 ұпай.       

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде