Бизнесті тексеру тоқтамай тұр
Шығыс Қазақстанда шағын және орта бизнеспен айналысатын әрбір екінші адамның құқы бұзылған. Тек өткен жылы ғана прокурорлар мыңға жуық кәсіпкердің жұмысын салық пен қаржы полициясы сияқты құзырлы органдардың орынсыз тексергенін анықтапты.
14.01.2014
Кейінгі кездері мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне шағымданған биснесмендердің қарасы көбейген. Шағын және орта бизнес өкілдері әсіресе санэпидемологтарға, салық пен қаржы полициясының тексерулерінен мезі болыпты. Бүгін осыны ескерген облыстық прокуратура мен кәсіпкерлер ортақ меморандумға қол қойды. Арыз-шағымдары уақытылы қаралмай, бір жапырақ қағаз алу үшін айлап күтуден шаршаған кәсіпкерлер енді іске құзырлы органның араласқанына қуанып отыр.
Жомарт Манақов, Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қауымдастығының жетекшісі
-Шын мәнінде жерігілікті жерлерде жағдай басқаша. Тексеру органдарынан, күш құрылымдары жағынан көп кемшіліктер бар. Ең көп кемшіліктер әкімшілік жағынан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!