{metadescription}

Кездейсоқ оққа ұшқан студент көз жұмды

Шымкенттегі атыс кезінде ауыр жараланған бозбала ауруханада ес жимастан көз жұмды. Оқиға  тал түсте қаланың қақ ортасында болған.

Қытайдан туған жеріне демалысқа оралған студент Рамазан Елесбек көпсалалы жаңа технологиялар колледжінде оқитын достарымен кездесуге келген екен. Оқу орны алдында топтасып студентерге кенет белгісіз біреулер Тойота Карина көлігінен қару кезенген. Қаңғыған оқтың бірі 16 жастағы Рамазан мен көшеден кездейсоқ өтіп бара жатқан 19 жастағы тағы бір жігітке тиеді. Ауыр жараланған бозбаланы дәрігерлер ажалдан арашалап қала алмады. Ал қаскөйлердің екеуін полицейлер көп ұзамай құрықтады. Қалған төртеуі іздеуде. Барлығы осындағы технологиялар колледжінің 3-курс студенті . Жорамал бойынша, колледждегі екі топтың арасында жанжал туып, арты  атысқа ұласқан. Ал, достарымен кездесуге келіп, қаза тапқан студенттің денесі бүгін жер қойнына тапсырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде