{metadescription}
0:000:00
Тұрғын үйдің құны қымбаттайды

Тұрғын үйдің құны қымбаттайды

«Қолжетімді баспана» енді жұртқа қолжетімсіз болғалы тұр. Үкімет мемлекеттік бағдарлама бойынша салынатын тұрғын үйді қымбаттатпақ. Себебі, құрылыс материалдарының өсуі жұмсалған шығынды ақтамай отыр екен.

Осылайша шенеуніктер баспанаға мұқтаж отбасылардың арманын одан бетер алыстатқандай. Онсыз да бағасы арзан емес үйдің әр шаршы метріне енді тағы 10 мың теңгеден қосуға бекітіпті. Жалпы соңғы 12 жылда елімізде тұрғын-үй бағасы 600 пайызға қымбаттаған. Ал мемлекеттік бағдарламаға сеніп отырған шаңырақтарды Үкімет сары уайымға салып қойды. Бірақ шенеуніктер құн шарықтағанымен сапа мықты болады деп сендіруде.

Серік Ахметов, ҚР Премьер-министрі:

-Не жаңа технологиялар министрлігі, не өңірлік даму министрлігі үйдің сапасына көңіл бөліп отырған жоқ. Болат Бидахметұлы, сізге барлық облыстан  құрылыс материалдарының сапасын тексеретін зертхана ашуды тапсырамын. Шұғыл іске кірісіңіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.