Кілтін алғанымен баспаналарына кіре алмай жүр
«Қол жетімді баспана» бағдарламасы аясында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жаңа жыл алдында Петропавлда екі үйді пайдалануға берді. Бірақ, Тәуелсіздік мерекесі күні қолдарына кілтін алған тұрғындардың дені жаңа үйге кіруге асығар емес. Өйткені тиісті құжаттарды ресімдеуге екі айдай уақыт керек екен.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
15.01.2014
Құжат рәсімдеу шарасы жаңа жылдан кейін ғана басталыпты. Бірақ салымшылардың дені ауылдық жерлерде тұрады. Сондықтан бұл істі тезірек аяқтауға өздері асықпай отырған көрінеді. Бір жағынан, күн райының қолайсыздығы да тұрғындардың облыс орталығына қатынауын қиындатып жіберген. Осыдан кейін, пәтердің кілтін алғанымен, әлі ешқайсысы баспанасына бас сұқпапты. Ал қалада тұратын салымшылар жаңа үйдегі жөндеу жұмыстарын әлдеқашан бастап кеткен.
Құралай Жансарина, салымшы:
-Ауданда мұғалім болып істеймін, ауылда. Сондықтан биыл 11 сыныпты үлкен балам бітіреді. Сол барлық жағдайларды барлығын тамамдап, жазғы демалысқа шығып, барлығын тамамдағасын осы үйге көшем деп мақсат қойып отырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!