Белгілі саясаткерлер бейнеленген карталар сатылымға шықты
Еліміздегі ең ықпалды атқамінерлер бейнеленген карталар шықты. Енді шенеуніктердің суреті құмар ойындардың көрігін қыздырмақ. Бір қызығы, саясаттағы ең басты ойыншы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі жоқ.
Автор: Ербол Сейілхан
15.01.2014
Карта әр адамның саяси мансабына байланысты бейнеленген. Мысалы тұзға, Кәрім Мәсімов, Серік Ахметов, Қасымжомарт Тоқаев, Нұртай Әбіқаев секілді ықпалды саясаткерлер тізілген. Сонымен қатар министрлер, әкім, депутаттар мен бірқатар қоғам белсенділері суреттеліпті. Осымен екінші рет шығаралып отырған карталарға сұраныс өте көп екен. Жоба авторы істі пайда табу үшін емес, тек ермек ретінде қолға алғанын айтады. Ал бейнесі сомдалмай қалған шенеуніктер өкпелеп жиі мазасын алатын көрінеді.Картаның құны 5 мың теңге болғанына қарамастан бүгін оны естелікке сатып алғандар да көп болды.
Ғалым Байтук, жоба авторы:
-Осы бірқатар адамдарға презент береміз. Қалғандары сатып алсын. Оларды мында кіргіздік, сыйлап олардың абыройын көтердік. Өте қымбат емес олардың ақшасына.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!