Білім министрлігі бөлінген миллиардттардың қалай жұмсалғанын анықтап жатыр
Білім министрлігі ұрланған миллиардтарды енді іздеуге кірісті.Ведомство бөлінген қаржыға оқу ордаларының неліктен салынбай қалғанын шұғыл тексеріп жатыр.
Автор: Гүлнұр Имандос
15.01.2014
Құрылыс барысымен танысқан Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев жағасын ұстады. Себебі Екібастұздағы кәсіптік оқу орталығы былтыр ашылуы тиіс еді. 2 млд теңге жұмсалғанымен мердігер істі шала-шарпы жүргізген. Жаңадан келген компания да шаруаны мандыта алмапты. Су айдайтын құбыр жобалау құжатында мүлдем болмағандықтан жертөледен су көтеріліп, қабырғалары құлаудың алдында тұр. Осындай аянышты күйді Өскемендегі кәсіптік лицей де басынан кешіп отыр.Күллі елге танымал болған «сақалды» құрылыс үшін бөлінген 1 жарым млд теңгені қазір шатылып жатқан бұрынғы білім вице-министрі Саят Шаяхметов жеп қойған деген күдік бар. Енді ведомстваға жаңадан келген басшылар қисапсыз шашылған қазына қаржысын түгендеп жатыр. Арнайы комиссия құрып Екібастұз бен Өскемендегі нысандардың неліктен тоқтап қалғандығын анықтауда.
Есенғазы Иманғалиев, Білім және ғылым вице-министрі:
-Осы екі нысанды 20114- жылы салып бітіреді деп айтқымыз келеді. Жобалық семетасын жасап жатқанда болған олқылықтар ма, немесе конкурс кезінде кеткен олқылықтар ма бәрін зерттеп жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!